Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодар облысында 80 мыңнан астам адам Damumed қосымшасын пайдалануда

Павлодар облысында 80 мыңнан астам адам Damumed қосымшасын пайдалануда

Өңірде 80 мыңнан астам адам немесе тұрғындардың 19%-ы жеке науқастың кабинетін ашып, Damumed мобильді қосымшасына тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев хабарлады.

– Бүгінгі күні барлық емханаларда амбулаторлық карталары бар ескі тіркеу орындары қайта ұйымдастырылған, – деді Ораз Мұқашев. – Оның орнына ақпараттық анықтама қызметі жұмыс істейді. Кейбір аудандарда қосымшаны пайдалану бойынша көрсеткіш төмен. Осыған байланысты аудандардың әкімдері қосымшаға қосылу бойынша жұмысты күшейткен дұрыс.

Айта кету керек, DamuMed – кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі. Мобильді қосымшасының көмегімен үйде дәрігерге қоңырау шалуға немесе жазылуға болады. Сондай-ақ жазылған рецептілерді және зертханалық талдау нәтижелерін қарап, аурухана парағын жүктеп алу қарастырылған. «Дабыл түймесі» модулі арқылы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұратын науқастар бір түймені баса отырып, жедел жәрдемді шұғыл түрде үйіне шақыра алады. Бағдарламаны App Store және Google Play арқылы жүктеуге болады.


https://elana.kz/
18 қазан 2018 ж. 1 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930