«ДамуМед» дамуға апарар жол
Бүгінде әлемнің өзге дамушы мемлекеттері секілді ҚР дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл мемлекет басшысы атап өткендей, «төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңі. Қазір елімізде «Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы» іске қосылған.
Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан заманда ІТ саласын дамытпасақ озық 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын арттырып, халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Елбасы биылғы Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды міндет. Елде 3D-притинг, онлайн, сауда мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты деп нақты бағдар берді. Халқымыздың цифрлық сауаттылығын арттыруда да басты міндет, ол 85%-ға дейін жеткізілетін болады.
2018 жылдың ақпан айынан бастап тұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақсатында «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы енгізілді. Қазір кез келген адамның қолында смартфон бары баршамызға белгілі. Осы смартфон арқылы емханаға бармай-ақ, дәрігер қабылдауына жазылуға көмек алуға мүмкіндік барын бірі білсе, бірі білмейді. Енді осы «ДамуМед» медициналық мобильді қосымшасы жайында кеңінен тоқталсақ.
Емделушінің жеке кабинеті. Емделушінің жеке кабинеті медициналық ұйымның электронды қызметіне қолайлы қол жеткізу үшін арналған. Сіз өзіңізге және отбасыңызға арнап электронды қызметке тапсырыс бере аласыз: ата-аналарыңызға және балаларыңызға. Сіздің отбасыңыздың мүшелеріне арналған қызметке тапсырыс беру үшін учаскелік дәрігерге жүгініңіз, ол сіздердің туыстық қатынастарыңызды жүйе ішінде тіркейді.
Қабылдауға жазылу. Қабылдауға жазылу үшін таң сәріден емханаға барудың және тіркеу бөліміне телефонмен қоңырау шалудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ қабылдауға жазыла аласыз.
Дәрігерді үйге шақыру. Дәрігерді үйге шақыруды өзіңізге кез келген қолайлы уақытта тіркей аласыз. Сіздің өтінішіңіз дәрігердің жеке кабинетіне түседі. Тіркеуді алған дәрігердің жұмыс күні ішінде сізге көмек көрсетуге мүмкіндігі болады.
Еңбекке жарамсыздық парақтары. Емханаға сауыққаннан кейін тек өзіңіздің еңбекке жарамсыздық парағыңызды алу үшін барудың қажеті жоқ. Ашылған еңбекке жарамсыздық парақтардың мәртебесін қадағалаңыз және жабылған еңбекке жарамсыздық парағын жүктеп алыңыз.
Хабарландырулар модулінде алдын ала хабарламалар түсіп отырады. Тұрғындар скринингтік, флюрографиялық алдын ала медициналық тексеруден өту және басқа хабарламалармен танысады. «Дабыл түймесі» модулі арқылы жедел жәрдем қызметіне жүгінуге болады. «Зертханалық зерттеулер» модулі арқылы тапсырылған зерттеулер нәтижелерін емханаға бармай мобильді қосымшаның осы модулі арқылы көреді. Жалпы, «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйенің тұрғындар үшін тиімділігі жоғары.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 15760 тұрғын жүйеге тіркеліп, осының көмегіне жүгіну арқылы қаралады. Тіпті, жүкті аналарды кезекке тұрмай-ақ «ДамуМед»-ке тіркеліп, дәрігер қабылдауына жазылып жүр. Аяғы ауыр келіншектердің де 70%-ға жуығы осы жүйеге тіркелген. Жыл соңына дейін ауданның интернет белсенді тұрғындарының 100% мобильді қосымшамен қамту жоспарлануда, – деді емхана қызметкерлері бізбен тілдескенде. Бұл денсаулық саласындағы цифрландыру бағытындағы жұмыстардың бірі ғана.
Айнұр НАЗАРОВА.