Сандар құбылып тұр
Өңір қызыл аймаққа кіргелі эпид ахуалды тұрақты деп бағалауға келмес. Індеттің тез таралуы қазіргі күні халықты алаңдаушылыққа әкеліп отыр. 2020 жылдан бері аймақта 12 134 адам індетке шалдықса, оның 9169-ы емделіп шыққан. Өткен күнгі дерекке сүйенсек, ауданда 25 тұрғын науқастанып, 10 тұрғын індеттен айыққан. Ал еліміз бойынша 7 671 адам бір күнде індет құрығына ілінсе, жалпы саны 641 885 адам инфекция жұқтыруына байланысты Түркістан облысынан басқасы қызыл аймақта.
Инфекцияны жұқтырушылардың барлығы екпе алмағандар дейді мамандар. Екпе індетті жеңудің жалғыз жолы десе де екпені ектірмей, оған қарсы шыққандар көп және олар жұқтырып қана қоймай таратушы қызметін атқаруда. Жалпы, екпе алушылар 4,2 млн-ға жеткен.
«Індеттің алдын алуға болады. Инфекция мутацияланғанымен бәрі бір түр. Бұл баланың кемтарлығына алып келуі ықтимал. Егер, екпе алсаңыз ықтималдылықты жойып, өзіңізге де, айналыңызға да зиян келтірмейсіз», – дейді профессор А.Шарман.
Ауданда жыл басынан бері 626 адам дертті болған. Оның 432-і аурудан айыққан, ал 4 азамат өкінішке қарай қаза болған. Соңғы дерек көзіне сәйкес, ауруханада 125 адам жатыр. Ал, 182 тұрғын бақылауға алынса, 57 тұрғын амбулаториялық бақылауда. Бүгінге дейін 436 тұрғын індеттен жазылған. Айта кетейік, вируспен ауырған тұрғындардың отбасыларында дезинфекция жүріп, міндетті түрде залалсыздандырылады.
Дүние жүзіне таралған соңғы инфекция мутацияға ұшыраған коронавирустың бір түрі екені айтылып жүр. Атау «дельта штам». Егер короновирус 1 адамнан 4 адамға жұқса, бұл бір мезетте 7 адамға жұғады және коронавирустың белгілері 14 күнде анықталса, дельта 7 күнде клиникалық белгілері тез дамып, ауыр түрге айналуы мүмкін. Негізгі белгілері тамақтың ауруы, мұрыннан су ағу, бас ауру, сондай-ақ, іштің ауырсынуы, диарея, жүрек айну мен құсу, буынның ауруы. Оған есту қабілетінің жоғалуы мен төменгі аяқ тамырларының тромбозын қосыңыз. Айта кетейік, дельта штамда коронавирустағыдай мұрынның иіс сезбей қалуы деген жоқ.
Бүгінгі таңда, дельта нұсқасының ерекшеліктері туралы негізгі ақпарат Ұлыбританиядан келеді, онда ол жаңа инфекциялардың 90 процентімен ұсынылған. Сарапшылар дельта нұсқасын 60 процентке және коронавирустан әлдеқайда жұқпалы деп санайды. Сонымен қатар, дельта инфекциясы ауруханаға жатқызу және өлім қауіпін едәуір арттырады. Сондай-ақ, Ұлыбританияда балалар коронавирустың дельта нұсқасын 5 есе жиі жұқтыратыны белгілі болды. Алайда, олардың инфекцияның қаншалықты агрессивті екендігі әлі белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, дельта инфекциясы ең көп таралған нұсқа-вакцинацияланбаған адамдар. Біздің елде де дәл солай. Ауырғандардың 99 проценті вакциналанбаған.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 8 тамыздағы мәлімет бойынша 1 компонентті 5 727 414 адам, 2 компонентті 4 356 279 адам алған деген дерек бар.
Ақбота БАЗАРБАЙҚЫЗЫ