Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе егу еріккеннің ісі емес

Екпе егу еріккеннің ісі емес


Қоғамда вакцина ектіруді саясат деп санайтын және індеттің алдын алатын бірден бір ем деп қабылдайтын екі топ бар.Ел арасындағы екі ұдайы пікірді тыңдай отырып, мәселенің аражігін ажырату қиын-ақ. Ал шын мәніне келгенде, екпе халықты індеттен қорғауға дәрменді ме?Осы сауалға жауап іздеп көрелік.
Былтыр қазақылыққа салынып жүргенімізде біраз азаматтарымыздан айырылып қалдық. Ескертпелерге қарамастан өткізілген той шаралар мен жиындарда санитарлық талаптардың сақталмау салдарынан қаншама адам инфекция жұқтырып, бақилық болды. Қазір ең алдымен халықты вакцина салдыру мәселесі алаңдатып отыр.Екпе алудан тартынатындардың көпшілігі жеке бас қауіпсіздігіне келгенде екі ойлы болып жүр. Бұған БАҚ-та кең тараған кей шетелдік вакциналардың кері әсерлері де себеп болып отырған сыңайлы. Дегенмен, денсаулық сақтау саласының мамандары тұрғындарға вакцина салынбаса, жаһандық пандемия­­ны оңайлықпен жеңе алмайтынымызды ескертеді. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша 152 елде 815 млн-ға жуық адамға вакцина салынған. Шиелі кентінің өзінде 9000 тұрғынға «Спутник V» және «Hayat-Vax» вакцинасы егілген. Медицина мамандарының сөзіне үңілсек, вакцина салдырушылардың арасынан осы күнге дейін жағдайы төмендеп, шағым айтушылар кездеспеген.
Әлеуметтік желілерде вакцинаға байланысты алып қашпа әңгімелерге жиі жолығамыз. Соның бірі вакцинация арқылы адамдарға чип орнатады деген үрей бар.
– «Ақиқатында, Қазақстан Рес­публикасында бірде-бір вакцина адамды чиптеумен байланысты емес. Вакцина салдырмас бұрын, әрбір адам вакцина құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы. Жаппай егу процесінің жеделдетілуі де тұрғындарға біраз күдік ұялатты.Пандемия кезінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. Бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру орын алғандықтан, вакцина препарадтарын аса шұғыл жағдайда әзірлеуге мәжбүр болды. Көпшіліктің сескенетін кері әсерлері болуы заңды. Кері әсерлерден: көбіне аз уақыттық белгілер – тұмау секілді синдром, дене қызуының көтерілуі, миалгия, астения, жалпы әлсіздену және денедегі белігелерден – инфекция салынған орын, гиперемия мен ісіну секілді белгілер анықталуы мүмкін. Аталған белгілер кезіксе, қорқатын түгі жоқ, белгілердің болуы организм вакцинаны толық сіңіріп жатқандығының дәлелі. Есесіне алдағы түрлі жұқпалы аурулардан сақтана аласыз, – дейді медицина мамандары. Вакцина вирусқа қарсы тұратын имундық жүйеге қорғаныш қызметін атқарады.Тұрғындардың саулығы үшін жасалып жатқан вакцинаны салдыру ерікті түрде жүзеге асады. Халық жалпы вакцина егу арқылы аурудың алдын алады. Сол себепті екпе егу науқанында мүмкіндікті пайдалану өзіңізге де тиімді болмақ. Ауырып ем іздегенше қазірден ауырмаудың жолын іздеген жөн.

Арайлым Утепова,
әл-Фараби атындағы қазақ Ұлтты университеті

12 маусым 2021 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930