Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Екпе жұмыстары жүргізілуде

Екпе жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімде санитарлық - эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақтала отырып, әскери қызметшілер арасында індеттің алдын алу мақсатында коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр.
Ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған екпе салу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, Қызылорда қалалық 4 емханасының медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне сапалы және барлық жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына негізінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады.
Вакцина егу алдында әрбір әскери қызметшіден екпе алдындағы барлық керекті медициналық тексерулер өткізіледі. Емхана дәрігерлері әскерилерге екпе салудың артықшылықтары мен өзі, отбасы және орта үшін маңыздылығын түсіндірді. Вакциналаудан өтудің негізгі екі себебі ол – өзіңді және айналаңдағы адамдардың денсаулығына бейжай қарамау.
- Екпе салу алдымен өзімнің денсаулығым үшін маңызды болғандықтан еш ойланбастан келістім. Осы әрекетім отбасым мен ортадағы адамдар саулығы үшін де маңызды деп ойлаймын. Бөлімнің әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіп, екпе жұмыстарын салып жатқан емхана дәрігерлеріне алғысымды білдіремін», - дейді қатардағы жауынгер Қанағат Жаңабай.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
04 мамыр 2021 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36

07 мамыр 2021 ж.

№36 (8890)

06 мамыр 2021 ж.

№35 (8889)

05 мамыр 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам