Қазақстанда миллионыншы вакцинаны әскери қызметкер салдырды
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы миллион доза вакцина салынды, деп хабарлайды «Хабар 24». Миллионыншы екпе Алматы қаласының тұрғыны Баян Жотановаға егілді. Ол Қорғаныс министрлігіне қарасты Алматы аудандық эксплуатациялық бөлімде жұмыс істейді. Әскери қызметкер ковидпен ауырмағанын айтады. Сондықтан вакцина алуды жөн деп тапқан. Баян вакцинаны әскерилерге арналған екпе пунктінде салдырды. 10 сәуірден бері бұл жерде 7 мыңға жуық адам екпе алған. Бұл әскери бөлімнің 70%-і. Олар екінші компонентін мамыр айында қабылдайды.
Баян Жотанова, ҚР ҚМ Алматы АЭБ аға қызметкері:
- Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы миллионыншы вакцинаны алғаныма қуаныштымын. Өзімді жақсы сезінемін. Барлық әріптестерімді алдағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын.