Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт болашағына – Ұлттық арнаның берері көп

Ұлт болашағына – Ұлттық арнаның берері көп


ХХI ғасыр жаңа технологиялар дамып, ғаламтордың заманы болған кезде келді. Соның бір дәлелі өміріміздің бір бөлшегі теледидар іспеттес. Теледидар сөнсе, жанарымыз сөнгендей сезімде боламыз. Биыл қазақ телевизиясына 60 жыл толып отыр.

Әрине, бесіктегі сәбиден, еңкейген қарияға дейін теледидардан қызықты ақпараттар түрлі бағдарламаларды көргенде елең ете қаламыз. Әрбір адамның сүйіп көретін бағдарламасы болады. Мысалы, көрермен көз айымына айналған «Қарекет» бағдарламасын алайық. Ұжымның жігерлі еңбектері арқылы талай жанға шипа болды. Көзіне жас алған қанша пендеге көмек қолын созды. Бағыт-бағдар берді. Сол секілді ұлттық арнада ой саларлық бағдарламалар өте көп. Солардың бірегейі «Мәселе» әр аптада өзекті тақы­рыпты тал­қы­лап, ащы шындықты бүкпесіз халыққа көрсетеді. Халық бойында адамгершілік пен рухани байлық қандарына сіңген іспеттес. Осындай жақсы қасиеттерімен шоу бағ­дарламаларда қиналған әр пенденің жан айқайын халыққа естіртуге, оларға қол ұшын созуға әрдайым дайын.
Ұлттық арна ұжы­мы­на қанша алғыс айтсақта жарасады. Себебі телеарна­ның қайсыбір танымдық көрсетілімін алыңыз, адамға ой салары анық. Еңбекқор, шыншыл батыл журналистерді көргенде қайран қаласың. Менің де бір күні сол телевизия саласында жұмыс жасай­тыныма сенімдімін. Себебі, мен ұлттық арна арқылы өзекті дүниелерді бойыма сіңірудемін. Дархан көңілді, бойында көк бөрінің қаны бар халқым барда мен ешқашанда өзімді өзгеден кіші сезінген емеспін. Осы дара қасиеттердің барлығын мен ұлттық арнадағы мәнді бағдарламалардан алдым деп ойлаймын. Және де қазақ телевизиясына шын жүректен ұзақ ғұмыр тілеймін.

Айгерім ӘЛІШЕР,
10 сынып оқушысы.
27 наурыз 2018 ж. 936 0