Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСТІ

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСТІ


Биылғы жылы еліміздің бірқатар өңірлерінде жауын-шашынның аз түсуі және су тапшылығына байланысты қуаңшылық орын алып, төтенше жағдай жариялануда. Біздің облыстың батыс аудандары да осындай қиын жағдайға тап болуда.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы, Ақмая ауылдық округінің ұйымдастыруымен "Ақмая" егіс алқабында ерікті жастар және "Жасыл ел"еңбек жасағының сарбаздары бірлесіп қысқы мал азығын жинауға көмектесті.
Жиналған шөптер әлеуметтік аз қамтылған тұрмысы төмен отбасыларға үлестірілетін болады.
Осындай игі істер ауданымыздың өзге де ауылдық округтерінде, шаруа қожалықтармен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Сауапты игі іске барша ауданның ерікті жастарын қосылуға шақырамыз!
17 шілде 2021 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031