Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал өсіріп отырған шаруаларды шөппен қамтамасыз етуге ерікті жастар атсалысуда

Мал өсіріп отырған шаруаларды шөппен қамтамасыз етуге ерікті жастар атсалысуда

Облыс әкімі өңірлерді аралау барысында, аудан әкімдеріне шөптен тапшылық көрген шаруаларға көмектесу үшін және егістікке су жеткізуде қосымша шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Осы негізде, бүгіннің өзінде Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округінде аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Р-3-1 және Р-3-2 каналына су айдайтын дизельді насос қондырғылары орнатылған.
Сонымен қатар, «Ақмая» шаруа қожалығында қыс мезгіліне мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазірге дейін шаруашылықта 7480 дана шөп жиналған, 2500 дана шөп ауыл тұрғындарына таратылды және бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Жалпы аудан бойынша 22 221 тонна шөп орылды. Бұнымен қоса ауыл халқы егіс алқабының атыз жағалауларындағы қалың мия аралас қамыс шөбін оруға кірісіп кетті.

«Өскен өңір» ақпарат
05 шілде 2021 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031