Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауға дайындық барысы пысықталды

Сайлауға дайындық барысы пысықталды


Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» турасында семинар-кеңес өтті. Онда алдағы сайлауға дайындық барысы пысықталды.
Семинар-кеңеске облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері Акмарал Турабаева және Алмагүл Аяғанова, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының толық құрамы қатысты. Семинар барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері», облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева «Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау барысында сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету туралы» тақырыбында дәріс оқыды.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті Алмагүл Аяғанова «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау күні» іскерлік ойынын өткізді. Одан соң қатысушылар сайлауды ұйымдастырып, өткізу барысы бойынша тест тапсырды.

Ақбота Баянбай
03 шілде 2021 ж. 449 0