Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 96 мың қызылордалық вакцина салдырды

96 мың қызылордалық вакцина салдырды

СOVID-19-ға қарсы 96 мыңдай қызылордалық екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгінде өңірде «Спутник V», QazVac және Hayat-Vax вакцинасының 46 мың дозасы бар. Қосымша 39 мобильді топ құрылып, мекемелер мен ірі сауда орындарында вакцина қабылдауға мүмкіндік жасалған. «Күн сайын ерікті түрде екпе қабылдауға ниет білдіргендер қатары артып келеді», - дейді дәрігерлер. Мәселен қаланың батыс бөлігіне қызмет көрсететін емханада бұл бағыттағы жоспар 80%-ке орындалған. Асылбай Шегебаев, қала тұрғыны: - Екінші вакцинацияны алуға келдім. Бірінші вакцинацияда менде ешқандай теріс әсері болған жоқ. Әркімнің өзінің жеке басының және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алып жатыр. Шолпан Арғынбаева, емхана бас дәрігерінің орынбасары: - Бұрын таңертең сағат 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істесек, қазір түнгі 12-ге дейін екпе қабылдауға болады. Бұл вакцина қабылдаушылар легінің көбейгеніне байланысты жасалған жағдай. Бізде үш түрлі вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Індетке тосқауыл болудың басты жолы – вакциналау.

https://24.kz​​​
21 маусым 2021 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031