Тәуелсіздіктің Төл құрдастары
Азаттықтың ақ таңы арайлап атып, тәуелсіздігімізді жаҺанға жариялағанымызға 30 жыл толды. Тілегі бір, рухы асқақ алаш жұрты Тәуелсіздіктің тойын 1991 жылдың 16 желтоқсанында тойлады. Бүгінде Шиеліде осыдан отыз жыл бұрын дүние есігін ашқан бүлдіршіндер болашақтың кілтін ұстаған азат елдің еркін азаматтары. Қазір олардың әрқайсысы бір-бір саланың жүгін арқалып жүр.
Адам жанының арашасы болуды мақсат тұтып, алдына келген науқастың денсаулығын қадағалап, елге адал қызмет етуді өзінің парызы санайтын жанның бірі – Ақбота Нұржауова. Ол 1991 жылдың 13 маусымында дүниеге келген. –Мен тұғырлы Тәуелсіздігімнің құрдасы екеніміді зор мақтанышпен айтамын. Мекетепті бітірген соң, бала арманым алға жетелеп, Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түстім. Ол жерде акушер-гинеколог мамандығын алып шықтым. Қазір, Шиелі ауданаралық ауруханасында акушер-гинеколог қызметін атқарамын. «Адамнан адам шығу оңай емес, бұл өте маңызды әрі қауіпті сәт. Өз жұмысымды сүйіспеншілікпен атқаруға дайынмын», – деген Ақботаның сөзінен антына адал ақ халатты абзал жан екенін байқадық. Тіпті, барлық күш-қуатын отанын көркейту мен гүлдендіруге жұмсайтынын жеткізді. –Мен ұстаздық жолды таңдағанымның бірден бір себебі, өскелең ұрпақты білімді етіп тәрбиелеп, саналы азамат етіп шығару, – дейді Тәуелсіздік құрадасының бірі Айзада Байсынова. Айзада Шиелі кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы №219 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол мектепті бітірісімен, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын меңгерген. Айзаданың айтуынша, «Шәкірттерінің жан сарайы біліммен толса, олар ерекше тұлға болып қалыптасса сол – мен үшін үлкен бақыт» – дейді. Айзада көптеген кәсіби байқауларға қатысып, өзінің бәсекеге қабілетті, тәжірибелі маман, білікті ұстаз екенін дәлелдеп жүр. Заман талабына сай жаңашыл мұғалім болуды мақсат еткен Айзада «Үздік ұстаз» медальін кеудесіне таққан. Шығармашыл ұстаздың бұдан бөлек ауыз толтырып айтар жетістіктері жетерлік. «Қазір, қазақты ұлт ретінде сақтайтын бірден-бір дүние ілім-білім, тәлім-тәрбие», – дейді жас мұғалім.
Осы тұста Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Айзада Байсынова қиялы ұшқыр, жаңашылдығы мол ұстаз десек артық айтқандық емес.

Шапағат Тілеубаев