Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

Өткен аптада Ақмая ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының достығы мен бірлігі күніне орай кеш өтті. Кешті ауыл әкімі Б.Сағындықов құттықтау сөзбен ашып, «Үйіміз аралас, қорамыз қоралас болып, қазақ тілінде сөйлесіп, ағайын болып кеттік. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмай, елімізде тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен» деді. Мұнан кейін кәріс диаспорасының өкілі Лян Светлана мен немересі Пак Мария мерекеге шашу ретінде құттықтау сөздерін арнап, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Шараға Ақмая ауылындағы кәріс, орыс, украин, шешен, удмурд этнос өкілдері де қатысты. Өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Тұрғындар Тұрмағамбет пен Майлықожаның термесіне тербеліп, әжелер ансамблінің әндеріне елітіп, оқушылар орындағын күйден қуат алды.

Ақбота Баянбай
04 мамыр 2021 ж. 388 0