Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » татулықтың тұрағы

татулықтың тұрағы

Тәуелсіздігіміздің даң­ғыл болашағына түскен мемлекетіміз­дің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылы­ғымыз –тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай, сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі мол. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.
Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенемін.
Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.
Наталья ЛЫСЕНКО,
орыс ұлтының өкілі
01 мамыр 2020 ж. 677 0