Балабақшадағы бірлік күні
Елдегі бейбітшілік пен ынтымақ бірінші кезекте өскелең ұрпақтың болашағы үшін маңызды. Бақыт – тыныштық пен бірлік бар жерде болатыны белгілі. Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан «Жадыра» бақшасында «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірілігі» күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты іс-шара өтті.
Жалпы, аталмыш мереке балаларды ұлтжандылыққа, елін-жерін сүюге және халқын құрметтеуге, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелейді. «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күні екенін ұғындыруды мақсат еткен шарада ұлттық нақышта киінген бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салды. Іс-шараны балабақша меңгерушісі Ж.Нұртаева құттықтау сөзімен ашып, тәрбиешілер А.Амангелдиева мен А.Арыстанбековалар мерекелік кештің қызықты өтуіне атсалысты. Олар балалармен бірлесе қазақ, орыс, кәріс, өзбек ұлттарының әндері мен билерін сюжетті қойылым бойынша орындады. Әр ұлттың өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарын қысқаша түсіндірді.
«Өскен өңір» ақпарат.