«Әлем халықтарының тағамдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Әр елдің ұлттық тағамдары олардың мәдениетінен көрініс береді.
Еліміздегі көп ұлттың татулығы мен сыйластығы, әр ұлтқа тән салт – дәстүрлері, ұлттық тағамдары өзіндік ерекшеліктерге тән.
Осы орайда елімізді мекендеген этнос өкілдерінің дәстүрлі тағамдарының тарихына шолу жасау мақсатында «Әлем халықтарының тағамдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты әлем халықтарының ұлттық асхана ерекшеліктерімен таныстыра отырып, мәдениетін , салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әр ұлттың дастархан мәзірінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы біздің қазақтың ұлттық ет тағамынсыз, өзбек халқын палаусыз, грузиндерді хачапурисіз елестету мүмкін емес.
Кітап көрмесінде оқырмандар үшін С.Алтаевтың «Шығыстың тәтті тағамдары», Б.Садықовтың «Ақ дастархан», «Қазақтың дархан дастарханы», «О кулинарии от А до Я» грузин, азербайжан, өзбек халқын армян, қытай ас мәзіріне арналған түрлі-түсті кітаптар және түрлі асмәзірін даярлау барысында пайдалы кеңестері мол журналдар қойылды.