Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі мықты ел озар

Бірлігі мықты ел озар


Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында татулық пен достықты ту еткен адамдар жайлы сөз етудің әбестігі жоқ болар. «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар қазақта. Біздің қазақ қанша ұлттардың басын біріктіріп, татулықты ту етіп келеді. Сондай қазақтың қамқорлығын сезінген Диаспорасының орыс өкілі – ­ ­Раиса Деревянко.
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған этнос өкілдері Қазақстанды достық пен татулықтың шынайы мекені деп қабылдап, жатсынған емес. Қазақ халқының кеңдігіне, қонақжайлығына риза болған өзге ұлт өкілдері Қазақстанды ортақ Отанымыз деп санайды. Сонау өткен ғасырдың қырқыншы жылдары Ресейден Қазақстанға табан аударып, осында бойжеткен кейіпкеріміздің бірі – Раиса ­Деревянко. Шиелі кентінің тұрғыны. Ол 1927 жылдың 12 ақпанында дүниеге келген. Жас­тайынан ауыртпалықты көп көрген Раиса әжей 1949 жылдан бастап, №45 мектепте мұғалім болып еңбек етті. Өмірінің жарты ғасырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ол 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Бүгінде өз отбасының берекесін келтіріп, тамырын тереңге жайып, ұрпағын өсіріп отырған кейуана дүниеге бес баланы әкеледі. Бұл күндері ұл-қыздарының қуанышына кенеліп отыр.
– Қазақстанда тұрғанымды мақтан етемін. Ең бастысы қазақтың кең пейілі мен дархан көңіліне ризамын. Кейде бір жерге бара қалсам үйге қайтуға асығамын. Өйткені, мені іздейтін тату көршілерім бар. Жалғыз қалғанда осылармен сырласып, мұңымды шағамын, – дейді ­Раиса әжей.
Бірлігі жарасқан елімізде осындай ұлт өкілдері бары қандай керемет. Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың «бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» деген сөздері барлық ұлт пен ұлыс татулықты ту етіп ұстайтынын білдірсе керек.

Сымбат Серікқызы
04 мамыр 2021 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930