Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық – індет, күресу – міндет

Жемқорлық – індет, күресу – міндет


Мемлекетіміз осы бір жаһандану заманында көркейіп, өркениетті әрі жоғары сатыда дамуы үшін елімізге сауатты да, білімді, қоғамда құқықбұзушылықтар мен қылмысқа төзбейтін отансүйгіш азаматтарын тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды мәселелердің қатарында осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тұр. Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген Жолдауда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ең маңыздыларының бірі. Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Ол үшін ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер бойын­да отансүйгіштік қасиеттері қалыптасқан, туған жері мен елі үшін қалтқысыз қызмет ететін жоғары парасатты тұлға болуы шарт. Сонда ғана, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы экономикасы мықты, халқы бай, бақуатты, азаматтарының тұрмысы жоғары елге айналады. Сондықтан да, алға қойылған мақсат-міндеттерді мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам бірлесіп атқаруы қажет. Бірлік – түбі береке екендігін естен шығармай, бірлесіп қамал алатын кезең келіп жетті.

Дүрәлі Бекмағанбетов,
Шиелі аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы
02 мамыр 2021 ж. 493 0