Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл!

«Еңбек етсең, емерсің» демекші, әр мамандықтың өз қыр-сыры бар. Тек жақсы өмір сүру үшін аянбай еңбек ету қажет. Қаншама жас­тар мамандық таңдауда қателесіп, алған дипломдары сандық түбінде сарғайып жатыр. Ал, аудандағы Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі өңірдің өркендеуі жолында сан түрлі маман иелерін дайындауда. Қазіргі колледж келбеті үлкен қалалардағы жоғарғы оқу орындарынан еш кем емес. Бағытын өзгертіп, өңір сұранысына аса қажетті мамандар даярлауға бағытталып, үлкен беделге ие болды. Колледж директоры Мейрамхан Дүйсеновтың талабының арқасында тәрбие мен білімді ұштастырған ұстаздар қауымының да жеткен жетістіктері бір төбе. Әсіресе, кешегі карантин жарияланған уақытта аудан жұртшылығының амандығын сақтау жолында оқшауланған кісілерді колледж жатақханасына жатқызып қана қоймай, қайырымдылық қолын созып, жеміс, сүт өнімдерімен қамтамасыз еткені әлі күнге ауыл азаматтарының аузында жүр. Сонымен қатар, індет тарағанда бетпердеден тапшылық болып, осы мәселенің оң шешім табуына колледж тігіншілері көп септігін тигізді.
Талап бар жерде – тәртіп бар, тәртіп бар жерде – жұмыс бар. Талапкердің талантын шыңдап, икемді ісіне қарай ептеп, маман даярлауда аудандағы колледждің орны бөлек. Мәселен, қызым Айсана­ Шекербек №84 негізгі мектепті қызыл куәлікпен бітіріп, колледждің «Арнайы тігінші» мамандығына оқуа түсті. Биыл 2 курс студенті А.Арыстанбекқызы аудандық, облыстық, республикалық байқауларда үнемі жүлделі орынмен оралып, өзінің талантты қыз екенін дәлелдеп келеді. Ал, бұл жетістіктер жолында білім ошағы мен ұстаздар қауымының еңбегі еселі. Жуырда ғана Айсана Шекербек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлсара Ахметованың жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай­ оқулары» халықаралық байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығалады. Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған республикалық байқауда бағы жанған А.Арыстанбекқызы мен ұстазы Г.Жағыпбарқызы кеудесіне «Абай мұрагері» төсбелгісін қадады.
Қазір жаһандану дәуірі. Заманға сай технологиямен жабдықталған Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінен жайлы да жылы жатахана, спорт зал, фитнес клуб, «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы сынды талапкерлерге керекті дүниелерді табуға болады. Ең бас­тысы сапалы білім, білікті маман даярлайтын құтты мекен.

Әлия Оспанова
12 сәуір 2021 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930