Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы диқандары дәстүрлі дақылдан өзге дәндерді егуге бет бұрды

Қызылорда облысы диқандары дәстүрлі дақылдан өзге дәндерді егуге бет бұрды

Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында егін егу науқаны басталды. Жаңа аграрлық маусым биыл оңайға соқпайтын секілді. Өйткені мамандар судың тапшы болатынын болжаған. Мәселен, Жаңақорған ауданының диқандары дәстүрлі күріш дақылын азайтып, басқа өнім түрлерін қолға алмақшы. Әртараптандыру жұмыстары өңірде қалай жүріп жатыр? Нұрлан Жақыпбеков, тілші: - Су жетпеген соң жыл сайын күріш егістігінің көлемі де азайып барады. Мәселен Жаңақорған ауданы биыл ауыспалы егістің 23 проценті, яғни 7300 гектарға ғана «Сыр маржанын» егуге мәжбүр. Кезінде бұл көлем 12-13 мың гектар болатын. Мына жер Қожакент ауылындағы ірі шаруашылықтардың біріне тиесілі. 500 гектардай егін алқабы бар. Тең жартысына кезінде күріш егетін. Қазір майлы дақылдар мен мал азығына басымдық беріп отыр. Досқожа Жұманов, шаруашылық төрағасы: - Күрішпен салыстырғанда әрине пайдасы болады. Өйткені күрішті өткізу мәселесі қиындап бара жатыр жылдан жылға. Күріш суды көп қажет етеді, мақсары суды аз қажет етеді. Биыл ауданда 36 мың гектарға жерге егін егіледі. Осы ретте, мамандар агросаладағы жаңа технологияларды да сынақтан өткбек.  Талғат Зейдалиев, Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: - Басарық ауылдық округінде «Таздыбек қажы» шаруа қожалығында 600 гектар мақсары егуді ұйымдастырып отырмыз. Келесі аптада сол себуді бастайды. Ондағы ерекшелік біз акрогельді ылғалсақтағыш технологиясымен екпекшіміз. Ешқандай суды қажет етпейді. Ауа райының ылғалдылығымен жаңағы технология сақталып, сол мақсары өнім беретін болады.  Аймақ шаруалары тамшылатып суару арқылы жеміс өсірудің де тиімді тәсілдерін қолға алған. Тұқымбақтар құрып, түрлі көшеттерді жерсіндіру жобалары да жүзеге аса бастаған. Дегенмен, мамандар суды мүмкіндігінше үнемдеу үшін ауыспалы егістік қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін айтады.
24.kz
06 сәуір 2021 ж. 661 0