Биыл Сыр өңірінде алғаш рет соя егіледі
Kyzylorda-news.kz. Бұршақ тұқымдас майлы дақылдың шығымдылығын өңірдегі Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының ғалымдары тәжіребие жүзінде зерттемек, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Бұл облыстың ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған 9 тың жобаның бірі.
Аз егіп, мол өнім алуға бет бұрған Сыр диқандары жыл өте тоқсан күн суда тұрып пісетін күріштің көлемін азайтуда. Мәселен, биыл аймақтағы күріш алқабы 3 мың гектарға қысқарды. Алайда мұнан өнім көлемі кеміген жоқ. Тіпті соңғы бірнеше жыл қатарынан күрішші қауым рекорд жаңартқаны белгілі. Тіршілік нәрін үнемдеуден туған ізденістер соя секілді жаңа майлы дақылдарды өндіруге негіз болып отыр.
«№4 өндіріс бригадасы 20 гектар жерге соя дақылын егуде. Соя дақылын әртараптандыру мақсатында биыл соя дақылын жаңадан енігізіп отырмыз. Соя дақылын көріп, нәтижесі биыл белгілі болады», - дейді аға жоспарлаушы Берденбек Рахуов.
Сояны қарапайым кондитерлік өнімдерден бөлек, химия өнеркәсібі мен медицинада кеңінен қолданады. Сондықтан әлемдік нарықта сұранысқа ие. Ғалымдармен бірлескен қармақшылық шаруалардың да түпкі мақсаты – экспортты еңсеру.
Бірер күннен кейін мына алқапқа соя дақылы егіледі. Осы ретте мамандар жердің тегістігіне ерекше мән беріп отыр. Сондықтан лазерлік тегістеу технологиясын пайдалануда. Жалпы бұл технология суды үнемдеуге және алқапта судың тегіс жатуына мүмкіндік береді.
Жалпы өңірде суды үнемдеу, жердің құнарын арттыру және өнімді еселеу мақсатында 9 инновациялық жоба қолға алынған.Оның ішінде күріштің ауыспалы егістігіне тиімді қант құмайын өсіру де бар.
«Ол дақыл тұзды, сортаңданған жерге өскен өте тиімді. Сол жерлерден мысалы, 1 гектарға егілген қант құмайы 5-6 тоннаға дейін сол 1 гектар жердің тұзын өзімен бірге алып кетеді. Тұзын сіңіріп, сол жерлердің тұзын азайтуға, әрі қарай құнарлығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мал шаруашылығына құнарлы мал азығы болып есептеледі», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.
Аймақта болгарлық әдіспен, яғни суармастан мал азығы дақылын егуге де басымдық беріліп отыр. Ол үшін биыл Қаратау беткейіндегі құнарлы жерлерде аквасорбент, агрогель технологиясы пайдаланылады.