Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» КӨРМЕСІНДЕГІ КӨРІНІС

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» КӨРМЕСІНДЕГІ КӨРІНІС

Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында «Бір шаңырақ астында» атты ұлттар достығының көрмесі өтті. Көрмеге орыс, корей, өзбек, шешен диаспоралары қатысып, мәдениеті мен ұлттық өнерлерін таныс­тырды. Көрмеде түрлі этностардың дайындаған ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары қойылды. Және де диаспоралар ұлттық киімдерімен әсемденіп, төл ән-билерінен шашу шашты.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Қазақстан Іскер Әйелдер Қауымдастығының Шиелі аудандық төрайымы А.Әбдіқадірова наурыз мерекесімен құттықтап, көрмеге белсене қатысқан жандарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Көрме айналамызда өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрін, мәдениетін білуге, оларды жақыннан түсінуге, әр диаспоралардың ерекшелігін сезінуге және де қазақ жерінде тұрып жатқан халықтардың татулығы мен бірлігін нығайтуға септігін тигізді.

Ақбота БАЯНБАЙ
24 наурыз 2021 ж. 1 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031