Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА" КӨРМЕСІ

"БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА" КӨРМЕСІ

Наурыз мерекесінің қарсаңында «Бір шаңырақ астында» көрмесі өтті.

Мереке күні көрмеде өз тұрмысын, мәдениетін және өнерін қазақ, орыс, корей, өзбек, шешен халықтары таныстырып өтті. Көрмеде түрлі этностардың дайындаған әрбір ұлттың ұлттық тағамдар дастарханы, қолөнер бұйымдары орналастырылды. Мерекеде түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би биледі.

Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Халықтар Ассамблеясы жанындағы Қазақстан Іскер Әйелдер Қауымдастығының Шиелі аудандық төрайымы А.Әбдіқадірова наурыз мерекесімен құттықтап, көрмеге белсене қатысқан жандарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Көрме айналамызда өмір сүріп жатқан адамдардың дәстүрі, мәдениеті жайлы білуге, оларды жақыннан түсіне білуге, олардың жарқын ерекшелігін сезінуге және де қазақ жерінде тұрып жатқан халықтардың татулығы мен бірлігін нығайтуға септігін тигізді.
21 наурыз 2021 ж. 1 206 0