Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет
Аудандық «Өскен Өңір» газетінің тілшісі Рамазан рас айтады, «Күтімсіз көшет көгермейді.» Бұл мақаласында ол Шиелі ауданында жекеда 30 мыңдап егілетін көшеттердің көгермей, көкке ұшқандай шоқ болып қалатынына таңырқайды. Жас жігіт енді таңданып отыр. Ал біз ше?
Басымызды шайқағанымызға қырық жылдан асыпты. Ақын Дәулетбектің Шиеліні «Менің Швецариям» деп жырлағанына да сол шама болды. Жылда аудан орталығы мен елді мекендерді көгалдандыруға мол қаражат бөлінеді. Көктемде жаппай көшеттер егіліп, күзді күні «ұшты, ұшты миллиондар ұшты» деп бармағымызды сорамыз. Ол ақша жергілікті бюджеттен бөлініп жатқан халықтың қаржысы. Ағаш көшеттері көгерсін көгермесін, оның көктемей қалғанына ешкім жауап бермейді. Уақытылы су беріп тұрмағасын қырық градус аптап ыстықта аптасына бір рет суғарылған ағаш түгілі, адам да шөлдеп өліп қалмай ма? Жас көшетке жас сәбидей күтім керек. Шындығында еккен ағаш сумен көгереді. Бала ана сүтімен есейсе, көшет су арқылы жетіліп, жайқалып шыға келеді. Біздің Ш.Уәлиханов көшесінде аяқ су жоқ. Сонда да болса, мен есік алдын көгертіп отырмын. Сонда байқағаным, саялы бақ көгеріп кеткенше төгілесіз, одан кейін жеміс ағаштары төгіледі. Алма, жүзімдерді белгілі уақытта ғана суғарса, олардың жемісі тәттілік дәмін жайлайды екен. Агроном емеспіз, бірақ іс-тәжірибе кезінде көз жеткізуге болады. 1984 жылы Шаухаманов Сейілбек ағамыз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып келді. Келе салып елді мекендерге кіреберіс жерлерге ағаш ектіріп, көгалдандыруды бастады. Әлі есімде, Бала би ауылына «Кішкентай көпірге» дейін ақ теректер егіледі. Бірде ауылына соқсам, сыныптас досым Әбдірахман Әуелбековтың сол ағаштарды күтіп, суарып жүрген үстінен түстім. Сонда Әбекең: «Мына ағаштарды көгерт» деп совхоз директоры осында қойып еді. Әйтеуір, бәрі көгерді. Бірақ бұл жерге өмірі ұзақ болатын көк терек егу керек еді. Өзбектер «мырза терек» дейді оны. Кейін құрлыс материалына да жарайды. Ал ақ теректер ары кетсе үш-төрт жылдан соң қурап қалады» деген болатын. Сыныптасымның айтқаны айдай келді. Ақ теректер шетінен қурай бастады. Ақыры «өліп» тынды. Ал жері болса тақырға айналып шыға келді. Бұны айтпағым, миллиондаған қаржы жұмсап көшет сатып әкелгенде де, ағаш көшеттердің Шиеліге жерсінетін түрлерін, көлеңкесі қалың сорттарын алғандары дұрыс дер едім.

Әйтпесе, жылма-жыл сонша қаржыны жерге көме бергенше, Сырдария өзені жағалауында тұнып тұрған тоғай ағаш көшеттері тегін емес пе? Аудандық орман шаруашылығы мекемесіне қарасты болса, солар мыңдаған көшет даярлауға болады ғой. Әрі тоғай ағаш жол сияқты жер таңдамайды. Өскенде де әдемі көрінеді. Гүлдегенде жастар қасынан кетпейтін, біржолға жеміс солатын, көлеңкесі де көл-көсір қазақы ағаш емес пе? Көшенің сәні акация, көк терек, лажы болса, туялар. Бізге қымбат көшеттерге жүгіре берудің қажеті жоқ. Сол сатып алған көшеттерді өзіміздің орман шаруашылығы ұжымы да егіп, өсіріп, даярлауға болатын шығар. Неге айналыспасқа... Тереңөзек кентінде көше бойына жыңғыл отырғызылып тасталған, қызылқоңыр гүлімен алыстан көз тартады, әсем-ақ. Жаңағы Бала бидегі ақ теректер арасында ұмытпасам, ұзын лозунгі жазылып тұратын. Онда «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» делінген. Қандай насихат! Қандай сөз! Осы сөзді кентке кірер жолға үлкен әріптермен пана етіп жазып қойса, үнемі айтылып та, жазылып та жүрген кентіміздің тазалығы да, көгалдандыруы да, абаттандыруы да ауыл әкімдері мен мекеме басшыларының ауданда тіркелген саяси партиялардың да жауапкершілігі артып, туған жеріне деген адалдығы оянып, кент пен ауылдарды гулдендіруге бар күш-жігерлерін арнай ма деймін. Ағаштан егіп, гүлін отырғызып, жерін түлетіп жатса, кәне кешке Тазалық- саулық кепілі. Жасыл желек – дамудың негізі. Адамдар құмарта жұтатын оттегін бөлуші, ыстықтан құтқарар – көлеңке.
Халық үшін, аудан тұрғындарының мәдениеті үшін, кентіміздің көркі үшін, барлығында жасауға болады. Қазақ бабаларымыз «Көз қорқақ, қол-батыр» деп кеткен жоқ па? Біз қай сала, қай жұмыс болмасын өтірік ақпарат беруді, істеген ісін процентпен көрсетуді, яғни ескі әдістерді доғаруға тиіспіз. Пәлен көшет ектік, соның түген пайызы көктеп тұр деу – жалғандық. 10 көшет егіп, содан бес-алтауы алып кетсе – шындық. Осындай жаттанды келеңсіздіктерді аңғарған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Бізге «семіз» цифрлар қажет емес» – деді. Сондықтан осы көктем айларында егілетін көшеттердің санынан гөрі сапасы, жауапкершілік міндеті зор болғанын қалаймыз. Шыны сол ғой, пәлен жылдан бергі көшеттер көктегенде, Шиелі кенті көктің астында қалып, жасыл зонаға айналған болар еді-ау. Осы кезге дейін бізде мұнша көшет отырғызылды деген бір жақты есеп беріліп келгені де рас. Енді оған жол бермеу керек. Үш ағаш көшетінің үшеуін де күтімге алып, қайтсекте алдыртсақ, ол еңбегіміздің ақталғаны.
Қазіргі аудандық мәслихат депутаты Насыр Мырзабеков ініміз кент әкімі болып тұрғанда кенттің Әл-Фараби, Досбол датқа, Ы.Жақаев көшелері бойына қоршал
ып көшеттер отырғызылды. Суарып, қадағалап отырудың нәтижесінде тоғай ағашының бой көтеріп, жайқала өсіп, көшелердің бір жағы болсада желекке бөленгені көрініп тұр. Жылда осындай әдіспен 10 көшеге ағаш егіліп отырса, көп ұзамай Шиеліні танымай қалуымыз мүмкін. Оған, әрине, кент әкімдігінің алдағы жоспарлары, көшелерге лотоктармен аяқ су әкеліп немесе қарықтар тартып, тұрғындарға трубаңды, көпіріңді салып ал, сосын көше бетіне ағаш ек, көшеңді көгалдандыруға атсалыс деп міндеттеу керек сияқты. Оған көше комитеттерінің төрағалары жауапты болып, кент ардагерлер кеңесі қолдау жасап, серпіліс беріп отырса, алынбайтын қамал жоқ.
Менің де байқағаным, көшеттер күзде жақсы алады екен. Қыстай жаңа жерге жайғасып, көктемде бүршік ата бастайды. Менімше, арығын қазып, суын жеткізіп отырса, кент тұрғындары бұл игі іске қарсылық көрсетпей, ауызбіршілікпен жұмыла кірісіп кетеді деп ойлаймын. Кент баршамызға ортақ мекен. Оның үстіне Тәуелсіз ел болғанымызға сиыр жылы 30 жыл толды. Торқалы тойға Шиелі ауданының тұрғындары да жаңашылдығымен, еңбек жетістіктерімен, рухани жаңғыруларымен, елдің елдігімен, ынтымақ-бірлігімен келгендігін көрсеткені дұрыс. Оған аудан басшысы, мәслихат хатшысы, депутаттар, кәсіпкерлер, мекемелер, дүйім жұрт оң көздерінің қиығымен қараса, осылай жасайық деп өре түрегелсе деген ниетім де туындады. Ия, көктем келді, құс келді. Ағаштар ұйқысынан ояна бастады. Көшеттерді шошытып алмайық, аялайық. Әкелеріміз айтпақшы, артымызда мал емес, тал қалсын.
Өркен ИСМАИЛ,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»