Берік отбасы есірткіден алыс!
«Қызылорда ОПД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысына»
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,
туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көпжылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Менің отбасым - менің мақтанышым. Әкем мұнай саласында бірнеше жылдан бері қызмет жасап келеді. Анам педагогика саласында жұмыс жасайды. Екі қарындасыма арқа сүйер демеуші болып жүремін мен отбасымды мақтан тұтамын.
«Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ» -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-қарындастарын сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.Осының бәрі "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі .
Жақсы қасиет те, жаман қасиет те баланың ортасы мен отбасында қалыптасады. «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп, Абай атамыз айтқандай, тек жаман қасиеттерді бойына жинаған бала, адамшылдықтан ада қалады. Ең бірінші баланың рахат өмірді, отбасында жоқ жылуды, тыстан іздеуі, жаман ортаға тап болып, өмірдің бір сәттік рахаттарын сезіндіретін-есірткімен дос болуынан басталады.
Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл - күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас - қағым сәтте нашақорға айналып шығады.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе,- дегендей, еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің ертеңі болатын болашақ жастар біздің қолымызда. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр.
Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сену, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сену! Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайтын, Еліміздің ертеңі болар жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!
Жолдыбаевтар отбасы