Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс!

Берік отбасы – есірткіден алыс!

Қызылорда ОПД ЕБҚКБ тарапынан
жарияланған сайысына
Картинки по запросу "отбасы есірткі" Отбасы-татулық пен беріктіктің, мейірімділік пен сенімнің мекені. Біздің отбасы- Қазақстан демографиясына зор үлес қосып отырған, жапырағын жайған берекелі отбасы. Отбасымыз  әкеміз, анамыз және жеті баладан тұрады. Менің отбасым- менің мақтанышым. Анам-мұғалім, әкем де білім саласында бірнеше жылдан бері қызмет жасап келеді. Жеті баланы ешкімнен кем етпей, қатарынан қалдырмай өсірген ата-анам, адалдықтың ақ жолынан аттамаған жандар.
Кішкене кезімізден қазақи тәрбиенің тәлімін алып, қаспағын қорек еткен отбасында өсіп келемін. Қазақы тәрбие біздің отбасында бір ғана сөзбен айқындалады, ол “ұят болады”. Қазағымның қағаз бетіне басылмаған “ар-ұят кодексінде” жаман әдетке ешқашан орын болмаған. Яғни, ессіздің қорегі болған есірткі түгілі, беті ашық қалған арам асты да татып ауызға алмаған қазағыма тансық бұл жаман әдеттің қайдан жабысқаны белгісіз. 
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Отбасында ата-ана мейірімі жетпеген, бала күлкісі шаттыққа толмаған, ұйқысы қанбаған болатын болса, ондай отбасында  мейірімде, сүйіспеншілікте болмай, бала жанына жақынды жаттан іздеп, жаман әдетке бас алдырады.  Басты, себепте осы «отбасы институтының» бүгінде іргесінің дұрыс қаланбауы.
Одан кейін, терезесінен жел кіріп, бір қабырғасы құлағалы тұрған отбасында қандай тәрбие, қандай тәлім болады. Бала-ессіз, көргенсіз болады. Отбасының қолайсыздығынан, түсінбеушіліктен балалар зиянды әдеттерге әуестенеді. Бірақ, оларды кінәлауға да болмайды. Себебі, олардың зиянды әдеттерге әуестенуіне бірінші қоршаған орта, екінші отбасы кінәлі.
Есірткі-ғасыр дерті. Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. «Жұт-жеті ағайынды» - деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды.
Отбасы жылуға, мейірімге толы болса, балалар әрқашанда  кешкілік зиянды әдеттермен  айналыспай, өзінің жылы ұясына асығады
Елбасымыздың Жолдауында: «.....есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.
Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есіртікіден бойымызды аулақ ұстайық. Салауатты өмір салтын ұстанайық. Отбасы – әр баланың ыстық ұясы. 
Айналайын жастарым,
Өн- бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.
Ең бастысы отбасында берілетін тәрбие дұрыс болуы керек. Татулық пен махаббат үстемдік құрған берік отбасында азғындаушылық пен ақыл-естен ада ететін жаман әдетке орын жоқ екендігі белгілі. Отбасымыз- берік, жақсы әдет- бәрімізге серік болғай.
Ниязбековтер отбасы

15 ақпан 2021 ж. 456 0