Қазақстандағы коронавирус: Өткен тәулікте 1007 адам ауру жұқтырды
COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы деректерді денсаулық сақтау министрлігі жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен тәулікте, 10 ақпанда Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР сынағымен 1007 жағдай анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
9 ақпандағы жағдай бойынша аурудың 52 жағдайы тіркелді, төрт жағдай өліммен аяқталды. 239 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген:
Науқас саны - 48 440, өліммен аяқталған жағдайлар - 591, барлығы - 38 237 адам емделіп шықты.
Бір күнде індеттен бес адам қайтыс болды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері коронавирустың салдарынан 2626 адам қайтыс болды.