Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас саны көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас саны көбейді

Бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 78 адамға көп.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 723 дерегі тіркелді, 484 адам аурудан айықты, 3 науқас қайтыс болды.

Жаңа дерек барлық өңірде анықталды. Ең көп науқас Атырау облысында, мұнда кейінгі тәулікте 149 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Алматыда 92, Нұр-Cұлтанда 68 науқас тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Шығыс Қазақстан облысында – 19 041(+47);
Алматыда – 18 939(+92);
Нұр-Сұлтанда – 18 777(+68);
Атырау облысында – 13 890(+149);
Қарағанды облысында – 12 243(+26);
Батыс Қазақстан облысында – 9 367(+45);
Павлодар облысында – 9 448(+40);
Солтүстік Қазақстан облысында – 8 856(+57);
Қостанай облысында – 7 797(+57);
Ақмола облысында – 7 481(+59);
Алматы облысында – 7 307(+39);
Шымкентте – 5 523(+6);
Жамбыл облысында – 5 048(+9);
Маңғыстау облысында – 3 759(+11);
Ақтөбе облысында – 3 711(+4);
Түркістан облысында – 3 705(+8);
Қызылорда облысында – 3 410(+6).

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 158 302-ге жетті, 145 194 адам инфекцияны жеңді, өкінішке қарай, 2 339 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 7 дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 45 991 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 513 науқас қайтыс болды, барлығы 33 298 адам жазылып шықты.
https://baribar.kz/145944/qazaqstanda-koronavirus-zhuqtyrghan-nauqas-sany-koebejdi/​​​
05 қаңтар 2021 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930