Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Менің болашақ мамандығым» атты психологиялық кеңес беру тренинг өтті

«Менің болашақ мамандығым» атты психологиялық кеңес беру тренинг өтті

Аудандық оқушылар үйінде «Көшбасшылар» үйірмесінің жетекшісі Р.Жолтаевтың үйірме оқушыларымен мекеменің педагог-психологы Л.Түменованың «Менің болашақ мамандығым» атты психологиялық кеңес беру тренинг өтті.
Мақсаты: Оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету.Мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып,мамадықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.Үйірме оқушылары өз ойларын ашық айтып болашақта қандай маман иесі болатынын болжап армандарын айтты.Тренинг барысында психолог: түрлі сұрақтар қойып, мамандықтар бойынша психологиялық коррекциялық ойындар жүргізді. «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі орным қандай?» «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтарға оқушылар өз ойларын ашық жеткізе алды.

Шиелі Ауданы Оқушылар Үйі ФБ парақшасынан



07 ақпан 2021 ж. 919 0