Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы дайындық – нәтиже кепілі

Сапалы дайындық – нәтиже кепілі


Ағымдағы жылдың 21-24 қыркүйек күндері арал­ығында №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектепте аудандық «ENGLISH WORD» және республикалық «QAZBILIM» орталығының бірлесуімен «ҰБТ-ға дай­ын­далудың тиімді жолдары» атты оқушылар мен мұғалімдерге арналған үш күндік семинар-тренинг өтті.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы орайда, оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімі сыналар сәт, яғни ҰБТ-ге дайындығын пысықтап, білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарға ҰБТ тестін құрастырушы мамандар мен ҰБТ оқулықтарының авторлары қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, респуликалық «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжан, аталмыш орталықтағы жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Оразбек Әбсаттар, математика пәнінің мұғалімі Қайрат Бекболат, биология пәнінің мұғалімі Несібелі Махат 3 күнге созылған тренинг барысында оқушылар мен ұстаздарға тиімді, жеңіл тәсілдерді үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.

«Өкен өңір» ақпарат.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031