Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШЕТЕЛДІК МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ШЕТЕЛДІК МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ


Жаңа оқу жылынан бастап мектепте жаңадан 3 шетелдік мұғалім жұмысқа қосылды.Сабақ берудің халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында бірнеше жылдан бері Зияткерлік мектептерге шетелдік пән мұғалімдерін шақыру жөніндегі жоба жүзеге асып келеді. Биыл қызылордалық оқушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген халықаралық деңгейдегі жоғары білікті жеті маманнан сабақ алады. Жаңа оқу жылынан бастап жұмысқа кіріскен Дэвид Вамалва Кениядағы үздік оқытушылардың бірі. Оның шәкірттері пәндік олимпиадаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Қазақстанға алғаш рет аяқ басқан Дэвид зияткерлік мектеп оқушыларын химия әлемінің қызығымен таныстыратын болады. Оңтүстік Африкадан келген Кэрин Онейл – мамандандырылған білім беру ұйымдарында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүрген тәжірибесі мол мұғалім. Қызылордалық өреңдердің ағылшын тілін меңгеруге қызығушылығын арттыру жолында өз біліктілігімен бөлісетін болады. Мұғалімдерге арналған бірнеше әдістемелік кешендердің авторы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мэйвис Куок алдағы оқу жылында бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде өз тәжірибесімен бөлісетін болады.
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бағыт-бағдар беру /ориентационные дни/ күндері аясында жаңадан келген шетелдік педагогтарға білім беру ұйымының өмірі таныстырылды. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде шетелдік мұғалімдер мекеменің миссиясы, ұстанымы мен құндылықтары туралы ақпарат алды, сонымен бірге оқу бағдарламаның ерекшеліктері, үш тілді білім беру саясаты мен бағалау жүйесінің артықшылықтарымен, мектеп қызметкерлерінің тәртібі және ережелерімен танысты. Мектеп ұстаздары ұйымдастырған саяхатқа шығып, Сыр өңірінің көрікті жерлерімен танысты.
Еске сала кетейік, Зияткерлік мектеп ашылғалы бері білім ордасында АҚШ, Ұлыбритания, Кения, Филиппин, Уганда, Оңтүстік Африка елдерінен келген тәжірибелі ұстаздар жұмыс істеді. Олардың Қазақстандық білім беру жүйесіне жаңалықтар енгізуімен қатар еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыруға қосқан үлестері мол.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031