Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады.
Кездесу барысында Назарбаев зият­керлік мектептері қызметінің негізгі нәти­­желері мен олардың даму перс­пек­тивалары талқыланды.
Мемлекет басшысы еліміздің орта білім беру жүйесінде Назарбаев зияткерлік мектептері ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
– Бұл мектептер барлығына үлгі бо­луы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашатын кезде ескеретін бо­ламыз. 2008 жылдан бері зияткерлік мектептерді 5660 оқушы бітірді. Олардың барлығы да үш тілді еркін меңгерген. Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік, – деді Елбасы.
Күләш Шәмшидинова Нұрсұлтан Назарбаевқа зияткерлік мектептердің оқытушы құрамын қалыптастыру мақса­тымен жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімдеді.
– Осы жылдар ішінде Сіздің қол­дауыңыздың арқасында көптеген жұмыс атқарылды. Бізде 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і – шетелдік оқы­тушылар, 183-і – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші оқу орындарында және Назарбаев уни­вер­ситетінде білім алған түлектер. Бүгінде бізде 4 доктор, 22 ғылым кандидаты және 719 магистр сабақ береді, – деді К.Шәм­шидинова.
Сонымен қатар білім беру мекемесінің басшысы оқушылар контингентін қалып­тастыру конкурстық негізде жүзеге асы­рылатынын және тек үміткерлердің қа­білеттеріне байланысты анықталатынын айтты.
Кездесу соңында Елбасы зияткерлік мек­тептер жүйесін одан әрі дамыту жө­нінде бірқатар нақты тапсырма берді.
02 наурыз 2018 ж. 1 397 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам