Тұсаукесер
Қазақтай тойшыл халық жоқ шығар. Той десе астындағы атын сойып, қу бастың домалай кететіні жасырын емес. Ата-бабалардың ғасырлар бойы ұстанған үйлену тойы, бет ашар, қыз ұзату, қоныс той сияқты ескірмеген дәстүрлі тойлары баршылық. Солардың ішінде ерекше аталатын тойдың бірі – тұсаукесер. Нәрестенің бауырын жазып, қаз-қаз тұра бастаған сәтте үлкендер жағы қамдана бастайды. Ертеректе баланың тұсауын өзімен тетелес балаға кестірсе, қазір есімі елге танылған лауазымы жоғары кісіге кестіреді.
Қазақтың бала «төрт айда төңіректеп отырады, бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» деген сөздері баланың дене бітімінің өсуін айқындайды. Бала бесіктен белі шыққаннан кейін еңбектеп, қаз тұрып, бір-екі қадам басып, үстел жағалап жүруді үйренеді. Бұл кішкентай бөбектің алғашқы талпынысы. Осындайда дана қазақ баланың келешегі кемел болсын, қадамы нық, тез жүріп кетсін деген ниетпен тұсаукесер тойын жасаған. Әдетте, бұл дәстүр баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Халықтың түсінігі бойынша тұсауы кесілмеген бала «сүріншек» болады. Ертеректе дәулетті адамдар тұсаукесер рәсімін ұлттық ойын көкпар, түрлі жарыстар ұйымдастырып, дүркіретіп өткізетін болған. Сондай-ақ бұрындары баланың тұсауын өзімен тетелес өскен балаға кестірген. Ол үшін ойын-тойға келген 3-4 жасар балаларды жарыстырып, оқ бойы оза келген баланы таңдаған. Ал қазіргі кезде лауазымды, елге елеулі болған кісілерге тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесетін адам ала жіп, өткір қайшы мен пышағын қоса ала келіп, жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып, екі кісі жетектеп, қадамын бастырып, тұсауын кеседі. Арнайы жайылған матаның бас жағына кітап, қамшы, ақша, қалам қойылады. Мысалы, кітап таңдаса ғалым, қамшы таңдаса көкпаршы, ақша таңдаса табыскер болып өседі деген наным бар. Көбінесе көпті көрген үлкен батагөй ақсақал мен ақ жаулықты әжелерге ала жіпті байлатқанымен тұсауын кестірмеген, бірақ ақ батасын алуды парыз, міндет санаған. Негізінен тұсау кесілген ала жіпті жаңадан босанған немесе бала көтере алмай жүрген келіншекке ырым ретінде берген. Қазекем ертеректе тұсауды ала жіп, тоқ ішек, көк шөппен де кескен екен. Оның мәнісі – «Ала жіппен кескені адал болсын дегені, Қиянат қылмас жұртына адам болсын дегені. Тоқ ішекпен кескені, Байлық қонсын дегені, Жағалай жатқан жұртына шайлық қылсын дегені. Көк шөппен кескені, Көгеріп өссін дегені, Ұрпақтары баланың көбейіп өссін дегені» деп ырымын жақсылап жасаған. Ертеректе тұсауды қайшымен кеспеген. Өйткені баланың өмірі қайшыланудан басталса, алдағы өмірі кедергіге толы болады деп есептеген. Сол себепті пышақпен және жоғары қаратып кескен. Бұл – бала епті, ержүрек болсын деген мақсатта жасалынған. Тұсаукесер – баланың өмірге деген қадамының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалынатын дәстүр.

Шапағат Тілеубаев