БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БАСТЫ МІНДЕТ
21 қаңтар күні «Сыр Медиа» ЖШС-ға қарасты басылым сайттарына жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар сабақтары өткізілді. семинар-тренингке аудандық басылым қызметкерлері мен қалалық, облыстық басылым қызметкерлері қатысты.
Семинар тренигте алғаш сөз алған «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев басылым қызметкерлерін жаңа жылмен құттықтап, өткен жылда атқарған табанды тірліктеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар олардың жетістіктері мен кемшіліктерін тілге тиек еткен ол: – «Сайттардың тиімділігі бәрімізге белгілі. Оның жедел ақпарат тарату секілді көптеген артықшылықтарын айтпасамда түсінікті. Басылым сайттары, оның электронды нұсқасы болуымен шектелмеуі керек. Сайттың жеке оқырманын қалыптастыру қажет», – деді. Одан әрі сөз алған бас директордың орынбасары Д.Омаров «Сыр медиа» сайттарының 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылайтын баяндамасын оқыды. Ал «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы А.Абдуллаева тілшілерге сараптама мақаланы жазудың тың тәсілдерін үйретті. Және «Kyzlorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаев өз тәжірибесімен бөлісіп, «Жаңа заманғы медиа: сапалы контентпен қамтамасыз етудің тиімді тәсілдері» атты баяндамасын оқыды. Ол баяндамасында сайттарда кездескен түрлі қателерді мысалдармен келтіре отырып, «Kyzlorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің табысты жұмысының қыр-сырларымен бөлісті. Н.Мықтыбайдың баяндамасынан ой түйген қатысушылар баяндама соңында пікір алмасып, сайт жұмысына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Оларды толғандырған сауалдарға жауап беру үшін «Сыр медиа» ЖШС сайт администраторы Б.Салмұрза келіп, сайтқа материал орналастыруда сақталынатын техникалық талаптарды атады. Онымен тоқталып қалмай, сайт қаралымын көбейтудің жолдарымен, оған қажетті бағдарламалардың тізімін атап өтті. Семинар тренинг соңында қатысушылар «Сыр медиа» академиясына алғыстарын білдіріп, біліктілік сабақтарының көптеп өткізілуін сұрады.

Рамазан Бектұрғанұлы