Жазылған жайға жауап
Шиелі өңірінде атқарылған жұмыстар мен ауыл әкімдерінің уәделі тірлігін тарқатып жазған «Жыл өтті, қорытындылайтын кез жетті» деген мақала естеріңізде болар. Өткен жылды түйіндеп, жаңа жылға қадам басқанда «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Жүсіп әкімдердің жыл сайынғы беретін есептерін саралаған еді. Міне, сонда көтерілген мәселелерді назардан тыс қалдырмай, бұқаралық ақпарат құралдарымен кері байланыс орнатқан Еңбекші ауылдық округінің әкімі Б.Серікбайұлы жауапкершілік танытты.
5 қаңтар күні аудандық «Өскен өңір» газетінің №1 санында жарыққа шыққан мақалада тышқан жылында ауылішілік жолдар түгелімен күрделі жөндеуден өтіп, жол жөндеуге кететін қаржының жобалық сметалық жұмысы жасалып, үкіметке ұсынылғандығын айтқан. Сондай-ақ С.Төрениязов көшесіне ауыз су құбыры мен электр желісін жаңадан жүргізіп, 1 трансформатор орнатуға уәде берген. Қосүйеңкі елді мекеніне қажетті сапалы ауыз су мен аяқ су мәселесін түбегейлі шешу, елді мекендегі екі көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, көше жарығын орнату жұмыстары да сөз болған. Көтерілген мәселеге үнсіз қалмай, жауап қайырған ауыл әкімі Б.Серікбайұлы редакцияға хат жолдады.

– 2020 жылы ауылдық округтегі І.Алтайбаева көшесін 22 млн 152 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Елді мекенге табиғи газ жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң газ құбырын тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар толық аяқталған соң, көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал С.Төрениязов көшесіне ауыз су құбыры мен электр желісін жүргізу жоба сметалық құжаттарын әзірлеу осы жылғы жоспарға еніп отыр. Сонымен қатар Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекенін сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмыстарына 8 608 767 теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланып отыр. Ауылдан шыққан жанашыр азамат Қалжан Оразханұлы демеушілігімен ауылға күші 400 кВт болатын жаңа трансформатор орнатылды. Қазіргі уақытта Е.Бектұрсынұлы, М.Мәметова, Ғ.Мұратбаев атындағы көше тұрғындарының жарық мәселесі толықтай шешілді.