Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан
Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы. Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы. «Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы» деген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін ешкім жоққа шығара алмас. Осы орайда биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтуде.
Ұлы ақынның мұрасы өлмей, өшпей, жылдан жылға, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келеді. Оның өмiрi, мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ең бастысы ұлтын сүюдiң, халқының жанашыры болудың өмiрлiк өнегесi. Абай – әлемдік тұлға. Ол өзінің өлеңдерімен оқырмандарға әсер етіп қана қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама. Оның поэзиясының өне бойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық лебі есіп тұрады. Сонымен қатар ол адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандыққа қарсы бітіспес күреске шақырады. Абайдың шығармашылығын айтып тауысу мүмкін емес. Десек те жыл басынан бері аудан ішінде ақынның құрметіне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіпті оқушылардың Президент Қ.Тоқаевқа Абай өлеңдерін оқуға эстафета жолдағаны есімізде. Бұл үрдіс барлық ауыл аймақта да жалғасын тапты. Соның бір ұшы аудандық «Өскен өңір» газеті мен «Жастар ресурстық орталығына» келіп тірелді.

Бізге эстафетаны №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының 6 «б» сынып оқушысы Байкен Алпысбаев жолдаған болатын. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» атты өлеңін оқыған Байкеннің талантты шәкірт екенін білеміз. Аудандық басылымға қағазға түсірген қара өлеңдерін арқалап келіп, «жарыққа шығаруға жәрдем беріңіздерші» деген жас баланың қарымына қарап, қанатын қомдауды жөн көрген бас редактор Н.Пірімбет Байкеннің өлеңдерін жариялауға ерекше ықылас танытқан еді. Ал ақынның «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап...» деп аталатын осы бір өлеңі 1896 жылы жазылған. Өлең 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Өлең сол дәуірдің жалпы жұртына емес, көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Өзгені қанша мақтағанмен ішіне қулық сақтап, сол өзі өлердей мақтап тұрған кісісін әбден әуре етіп, көз ала бере жалт беріп, тайып шыға келетін алдампаз туралы тақырыпты ақын әр жылдарда әр тұрғыда көтеріп отырған. Бұл өлең – ақынның осы саладағы ерекше туындысы. Ақын ұсынып отырған ғақылға сайсақ, кісіні биік мұратқа бастайтын, сол мұратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында. Сондықтанда адам жұрттың мақтау сөзіне ермей, өзіне, өзінің адал еңбегі мен ақылына сенуі керек.
Эстафетаны қабыл алған аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ш.Нығметов:
«Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға...» – деп ақынның астарлы ойы көркем суреттелген «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп аталатын өлеңін оқып берді. Расында данышпан Абайдың әрбір өлеңі мен ғақлиялары мән-мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор туындылар. Сондықтан бізде Байкенге биік белестерді бағындырып, өмірден өз орныңды таба біл деген тілегімізді жеткізгенді жөн көрдік. Тағылымға толы эстафетаны «Әсемпаз болма әрнеге» атты Абайдың өлеңімен жалғадық.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!...
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ