Абай мұрасы ұрпаққа үлгі

Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз» деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет».
НӘЙЛА ПАЛЫМБЕТ,
Шиелі ауданының Құрметті Азаматы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы.
Шиелі ауданының Құрметті Азаматы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы.