Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық болмыстың үлгісіндей

Ұлттық болмыстың үлгісіндей

Ұлттық болмыстың үлгісіне айналған,ұлтты жаңғыруға,жаңаруға,жаңа өмірге бейім болуға шақырған ұлы Абай атамыздай тұлға кемде- кем шығар.Қаншама уақыт өтіп зымырап жатсада,туған халқымен мәңгі бірге жасасып келеді.Бұл мақаланы жазуға арқау болған бүгінгі Қ Р Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы еді. Рухан жаңғыру арқылы қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы зор болса,Абай мұрасын дәріптеп,шығармаларын жаңғыртып,келер ұрпаққа насихаттап паш етсек мінекей біздің сананың жаңғырғаны осы деп білемін.Болашақ ұрпаққа бұл мұраның тигізер әсері өте зор,себебі уақыт өткен сайын оның бағасы құнды болмақ.
Президенттің бұл мақаласы арқылы көпшілік үлкен әсерде болды деп ойлаймын.Мақала арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның шығармаларын ,өлеңдеріне ғана баға беріп қоймай ,уақыт өткен сайын Абайды тануға және елді ,ұлтты Абайша сүюге,елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтыруды,ұрпақтың санасына Абай мұрасының нәрін сіңіруді келер ұрпаққа тапсырып насихаттады.
Қазіргі таңда Абай ақынның 175 жылдық мерейтойы жан-жақта аталып өтілуде,сол шараларға барлығымыз атсалысудамыз.Биылғы оқу жылында №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында осындай шаралардың бірі «Абай әндерінің » эстафетасына қатысып,ұстаздар қауымы Абай ақынның «Көзімнің қарасы» , «Желсіз түнде жарық ай» , «Айттым сәлем Қаламқас» атты ән топтамаларын орындап келесі мектепке эстафетаны ұсынған болатынбыз.
Заман ағымына сай көшке ілесіп ,алдыңғы орындардан көрінуге жұмыс жасауымыз қажет.Жалпы қазіргі таңда саналы ұрпақты тәрбиелеп,білім беруде ұстаздарға артар жүк жеңіл емес.Жалпы осы мақаланы оқып отырып,адам баласының шыр етіп дүниеге келгеннен өмірінің барлық кезеңінде керегіне жететіндей түрлі сөздер мен өлең шығармалар қалдыра білген қандай кемеңгер ойшыл деп ойладым.Ғылым мен білімсіз,тазалық пен дінсіз, түрлі тілсіз өмір сүре алмайтындығында баса айтқан.Сондықтанда қанша оқып, көріп, сусындасақта кітап беттері жаңаша мазмұнда қайта жаңғырып таусылар емес.
Жалпы сөз соңында Абай ақынның мол мұрасын халық әрқашан ұмытпай есте сақтап,ал келер жас ұрпақ әр өлең ,қара сөзіне терең ден қойса, біздің болашағымыз нұрлы да жарқын болмақ деп айтқым келеді.
Сандуғаш Ахметова
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
Тарих және география пәні мұғалімі

09 қаңтар 2020 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031