Ел еңсесін тіктеген егемендік
Қазақ қазақ болып жаралғалы өзге елге көз алартпай елін, жерін, шаңырағын ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен жауларынан қорғап келген. Қандай нәубет қырғын келсе де соңғы демі қалғанша бостандықты аңсап, азаттыққа ұмтылған. Бүгінде бабалар мен ағаларымыздың ұлы арманы орындалып, қазақ елі Тәуелсіз ел атанғанына 29 жыл толуын тойлауда.
Тәуелсіздік мерекесін Ортақшыл ауылындағы «Ерасыл» балабақша бөбекжайы да ерекше атап өтті. Егемен елдің болашағы – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеуді мақсат еткен «Жансая» тобының тәрбиешісі Жазира Ибрагимова тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілікке тыңғылықты дайындалған. «Тәуелсіз ел ұрпағымын» деп аталған ертеңгілік барысында тәрбиеші маман балаларға патриоттық тәрбие беріп қана қоймай, мақал-мәтел, тақпақтар арқылы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал етуді де мақсат еткен. Шара барысында балдырғандарға еліміздің егемендікке жету үшін қандай қиындықтардан өткені, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайлы ақпараттар айтылды. Тұңғыш Президент пен қазіргі Мемлекет басшысының ел үшін жасап жатқан еңбегі, мемлекеттік рәміздердің маңызы да назардан тыс қалмады.

Ертеңгілік тақырып бойынша балаларға сұрақ-жауап ұйымдастырып, белсенді қатысқан бүлдіршіндерді марапаттаумен қорытындыланды.
Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Сондықтан жыл сайын бұл күнді еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ерекше тебіреніспен тойлайды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ