Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық форум 2020

Азаматтық форум 2020

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жүзеге асыруда өңірлерде құрылған үкіметтік емес ұйымдардың қатары жыл сайын артуда. Мұндағы басты ұстаным азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстарды тереңдетуге және өзара үнқатысулар мен серіктестікті дамытуға негізделген. Осы тұста облыстағы әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруда ҮЕҰ-ның қосып отырған үлесі сүбелі екенін айта кеткен жөн.
«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX Азаматтық форумы 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында «Азаматтық қоғам» апталығы форматында болып өтті. Қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі іс-шара биыл жаңаша форматта жүргізілді. Яғни, қатысушылардың қауіпсіздігі үшін Азаматтық форум онлайн режимге көшірілген. Ал делегаттарға ыңғайлы болуы үшін мазмұнды шара бес күнге жоспарланған бағдарлама арқылы жүзеге асқан. Азаматтық қоғам белсенділері бас қосқан форумда азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы, қоғамдық бақылау, оның мәселелері мен болашағы, ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері талқыланды. Мұнымен қоса онлайн басқосуда бұған дейінгі форумдар ұсынымдарының орындалу жүйесі жайлы толыққанды ақпар берілді.
Ауқымды шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы идеялық мазмұнына сүйенеді. Онда азаматтық секторды дамыту мен өркендеудің, олардың мемлекетке деген сенімін арттырудың маңыздылығы аталды. Форумның онлайн алаңдарына 20 000-нан астам адам қатысып, талқылауға 1500-ден астам ҮЕҰ белсенді өкілдері атсалысты. Сонымен қатар орталық мемлекеттік органдардың 12 басшысының салалық кездесулері өткізіліп, ҮЕҰ өкілдері «еркін микрофон» форматында өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.
IX Азаматтық форумның қорытындысы ­бойынша азаматтық қоғам өкілдерінен 650-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түскен екен. Оның ішінде республикалық форумның қорытындысы бойынша – 500-ден астам ұсыным, 17 өңірлік форумның қорытындысы бойынша – 150 ұсыныс қабылданды. Айта кеткен жөн, азаматтық форумдар 2003 жылдан бастап екі жылда 1 рет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Серікбай БЕРІМБЕТОВ,
Үкіметтік емес ұйымдар мен
заңды тұлғалар
ассоциациясының Шиелі ауданы
бойынша төрағасы

15 желтоқсан 2020 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930