Рухани дем беруші басылым

Осы жерде айтарым, қазір басылымға келер жылға жазылу қарқынды жүріп жатыр. Менің оқырман ретінде байқағаным, соңғы 20 жылда аудандық газетімізге жазылатындар саны 5-6 мың аралығында қалып, өспеуде. Аудан халқының саны 83 мыңнан асып жығылды. Аудан жаңалықтарын біліп отыру, газет оқып, сауаттанып отыру – әр тұрғынның міндетіне айналса, ең болмаса, осы бір газетке жазылып «Өскен өңірдің» санын 10 мыңға дейін арттыруға үлес қосу бақытына кенелсек деймін. Әркімнің өз еркі, дегенмен төл газетімізге қолдау да қажет секілді. Жанымызға қуат, санамызға үлгі-өнеге, отбасымызға жаңалықтар мен қуаныштар алып келетін «Өскен өңір» басылымына жазылуға кешігіп қалмайық. Ол үшін сізге титтей белсенділік, сәл ғана ынта болса болғаны. «Үгітті ұққанға, ақылды жаққанға айт» депті алып жазушы М.Әуезов. Менікі үгіт емес, руханиятқа қарай бет түзеу. Рухымыз сүйікті газетіміз «Өскен өңірді» оқудан бастау алады. «Көру оңай, көреген болу қиын» десек, оның дәрісі – баспасөз, кәдімгі газет, сонымен қатар кітап пен журнал екенін сіздер менен де жақсы білесіздер. Бұқаралық ақпарат құралдарының халыққа сататыны – ақиқат, ал ақиқат дәлелдеуді қажет етпейді. Расында жақсы жазатын авторларды оқи отырып, әдемі сөйлеуге үйренесің, жаның жадырап сүйсінесің. Ол – газет. Ол өңірімізді гүлдетуге үндеп, халқымызды болашаққа ұмтылдырып, рухани дем беріп келе жатқан – «Өскен өңір» басылымы.
Өркен Исмаил,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»