Майдангер құрылысшы
Ұрыс даласындағы ұмытылмас естеліктер мен жеңістің жалауы желбіреген 1941-1945 жылдарды «Құрметті құрылысшы», Ұлы Отан соғысының ардагері Ділдабай Өтеулиев жиі еске алатын. Ол «Жер бетінде мәңгілік бейбітшілік орнауын қолдарына ту етіп көтерген еліміздің айбынды жауынгерлері қанқұйлы фашистерді өз індерінде талқандады» деп қойын дәптеріне әр сәтті түртіп қоятын. Оны көзін көрген, қызметтес болған ел ағалары жиі тілге тиек етеді. Майдангердің ұрыс даласындағы ерлігімен қатар, елге қайтып оралғаннан соң атқарған толойым тірлігін ауыз толтыра айтуға болады. Ол қатаң тәртіп, нәтижелі жұмысты жаны қалайтын талапшыл жан болған. Құрыш қолды құрылысшының әр нысаны сапалы әрі уақытылы бітуі де сол талапшылдығынан болса керек.
Саналы ғұмырын сапалы құрылысқа арнаған Д.Өтеулиев 1935-1936 жылдары Шиелі поселкесіндегі мектепке мұғалім болып орналасады. Жасынан қоғамдық жұмысқа үйір ол пионерлер ұйымының жұмысына белсене араласады. Бұл жолда мектеп директоры М.Мырзахметов пен мектептің оқу ісінің меңгерушісі И.Шоқаев, аудандық халық ағарту ісінің меңгерушісі Қ.Жайлыбаев сынды ел ағалары жөн сілтеп, жол көрсетеді. Жас маманның тәжірибесін шыңдауға септігін тигізеді. Тура сөйлеп, әділін айтатын ол пионер вожатыйы болып жүріп те түрлі ұсыныстарымен алдыңғы қатардан көрініп жүрді. 4 жылға жуық уақыт ішінде сый-құрметке бөлене білген Д.Өтеулиев 1940 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Тамбов қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға түседі. Ал 1941 жылы кенеттен соғыстың оты тұтанып, ел мен жер үшін ер азаматтар ұрыс даласына аттанады. Небәрі 21 жасында еш ойланбастан майдан даласына аттанған сарбаздардың қатарында бүгінгі кейіпкерімізде бар. Жерін жаудан қорғау үшін қолына қару алған Д.Өтеулиев 118-ші атқыштар полкінде бөлімше командирі бола жүріп, Қырым мен Кречь қалаларын азат етуге қатысты.

Туған еліне жеңіспен оралған ол еңбек даласындағы майданға білек сыбана кірісіп кетеді. Себебі, ол кездегі елдің ахуалы көңіл көншітерлік емес еді. Әбден соғыстың салдарынан жүдеп, жадау тартқан еңсені қайта көтерер тек еңбек екенін білді. Құрылыс саласына құлаш сермей кіріскен Д.Өтеулиев 1961 жылға дейін Қызылорда құрылыс тресінде құрылысшы болып жұмыс істеді. Ал 1961 жылдан бері аудандық колхозаралық құрылыс ұйымында құрылысшы және құрылысшылар бригадасындасының бригадирі болып жемісті еңбек етті. Құрылыс индустриясы – қашанда экономиканың негізгі іргетасы екендігі белгілі. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты. Осы саланың қарқынды дамуы үшін аянбай еңбек еткен жанның бірі де Ділдабай ата болатын. Құрылыс саласын ілгерілету барлық салаға жан бітіретіні айтпаса да белгілі. Содан болса керек, бүгінгі таңда құрылысты «экономиканың локомотиві» деп атайды. Ғұмыр дариясында құрылыс саласының сай-саласын зерделеп, қандай жағдайда жетістікке жетуге боларын сараптай жүретін құрыш қолды құрылысшы осы салада 40 жыл табан аудармай тірлік істеді. Маңдайдан төгілген тер, адал еңбектің жеміссіз болуы мүмкін емес. Оған дәлел 1972 жылдың қорытындысы бойынша ол коммунистік еңбектің екпіндісі, 1973 жылы «Социалистік жарыстың озаты» атануы. Құрылыс саласында үздіксіз істеген еңбегінің өтеуіндей болған 1976 жылғы «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген құрылысшы» құрметті атағының бұйыруы да бір төбе емес пе? Ал мерекелі 1977 жылы ССр Жоғары Советі Президиумының бұйрығы бойынша «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін кеудесіне жарқырата «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені мен «Ұлы Жеңіске – 20жыл, 25жыл» медалін тақты. Өмір жолы өнегеге толы соғыс және еңбек ардагері Д.Өтеулиевтің мәңгілік сапарға аттанғанына да 25 жыл өтіпті.
Биыл Ұлы Жеңістің жалауы желбірегеніне 75 жыл. Осынау егеменді елдің тұп тарихында есімдері алтын әріппен аталып, еңбектері өшпейтін соғыс ардагерлерінің ерлігі, бейбіт күндегі ерен еңбегі ешқашан ел жадынан өшпесі анық. Ұрпағы ұлықтап, ерлігін аңыз дастанға айналдырып айтудан да жалықпасымыз анық. Жылдан жылға рухани азыққа айналып, қайта жаңғыра түспек.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ