Инклюзивті білім – бүгінгінің талабы
Соңғы жылдары еліміздің білім саласына инклюзивті білім беру деген жаңа ұғымның енгені белгілі. Инклюзив дегеніміз – қарапайым тілмен айтсақ, ерекше қажеттілігі бар, яғни ақыл-ойында, физикалық дамуында кемістігі бар балалардың қатардағы мектеп оқушыларымен (балабақша тәрбиеленушілермен) тең дәрежеде білім алуы, бірге оқуы. Қазақы пайымға салсақ, оларды бөліп-жармау, өзекке теппей, өзімсіне бауырға басу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мәселеге ерекше екпін беріп «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген еді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалардың қатарынан қалмай, білім алып, тәрбиеленуіне жол ашады. Енді олар сабақтан тыс уақытта арнайы инклюзивті кабинетке бара алады. Мұнда логопед, педагог-психологтар жұмыс істейтін боламыз.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оған қолдау көрсетуде тек арнайы мамандардың емес ата-аналардың рөлі басым болады. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде ата-аналар түрлі қиындықтарға кезігуі мүмкін. Егер баланы инклюзивті балабақша немесе мектепке беру мүмкіндігі болса – бұл ата-ана үшін үлкен көмек. Себебі ол балалар күннен-күнге жағымды жаққа қарай өзгеріп, қоршаған ортадан тыс болу сезімін азырақ сезінеді. Сонымен қатар тәрбие жұмысының тиімділігі жоғарылап, жетістіктерге жете бастайды. Бұл тұрғыда ата-ана баласына үнемі қолдау танытып, кішкене ғана талпынысын үлкен жетістікке балауды үйренуі шарт. Даму мүмкіндігі шектеулі баланың өзі қалаған дүниені жасауына жәрдемдесу және оны мақтап отыру да оның өмірге деген белсенділігін арттырады.
Дүние есігін ашқан әр бала бақытты болуға лайықты. Олар өзіне тиісті білімді алуға құқылы. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Содан бері бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылуда.
Инабат Кеңесбаева,
аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиешісі
аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиешісі