Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕР ТЕЛІМІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЖЕТ

ЖЕР ТЕЛІМІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЖЕТ

Жуырда Президент Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткізілген үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы жерлерінің бірыңғай кадастрын қалыптастыруды тапсырғаны белгілі.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында жер пайдалануды цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл тұрғыда аудандық жер қатынастары бөлімі мен ауыл шаруашылығы бөлімі бірлесіп жедел іске кіріскен.
– Бүгінгі таңда іске асырып отырған цифрлық Қазақстан, цифрлық Үкіметке көшу, жер пайдалануды цифрландыру шаралары аясында ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдары пайдаланымындағы алқаптардың электрондық картасы қалыптастырылуда. Осы ретте аудандағы барлық шаруа қожалық басшыларына қожалыққа тіркелген жер учаскелерінің электронды схемаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Qoldau.kz веб-порталына енгізу қажеттігін хабарлаймыз. Қожалық басшыларына аталған жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, жер телімдерінің өз мақсатына сай игерілуі немесе игерілмеуі тікелей электронды картаға енгізілгеннен соң жүргізілетінін хабарлаймын. Сондай-ақ бұл жұмыстар бойынша барлық сұрақтарды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен, аудандық жер қатынастары бөлімінен білуге болады. Егер қожалық иелері дер кезінде жаңа үлгідегі сәйкестендіру құжаттарын рәсімдемесе, бұл жалдау шартының күшін бір жақты жоюға негіз болып табылады, – дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Меңлібек.
Жауапты мамандар ҚР Жер кодексінің 4-бабына сай, «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы» жер заңдарының негізгі принциптері болып табылатынын жеткізіп, әр шаруашылық иесін аталған жаңа жүйеге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
28 қазан 2020 ж. 472 0