Майдангердің ерлігі
Соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толса да, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегінде. Жеңіс туы желбірету жолында Отан үшін от кешкен майдангерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Бәрі де Жеңіс үшін, Отан үшін емес пе?
Мәселен, менің әкем Бәйімбет Кәрібай 1914 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. (Құжат бойынша 1916 жыл)
Мәселен, менің әкем Бәйімбет Кәрібай 1914 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. (Құжат бойынша 1916 жыл)
1932 жылы Рабфакта (ВУЗ) жұмысшы факультетінде оқиды. 1939 жылы Пахтаралда болған (бұрынғы аты Қызыл Күншығыс деп аталған).
Осы жылы анамыз Шарбан Кадироваға үйленіп, бір айдан кейін әскер қатарына алынып, соғысқа аттанған жауынгерлердің бірі. Бір айдан кейін Финляндия соғысына, үш айдай Жапон соғысына барып ерлік көрсеткен. Бұл соғыс біткен кезде Маньчжурия соғысына аттанды. Содан кейін Германия соғысына барып, аяқталса да қираған қалаларды тазалап 1946 жылы елге оралған. Ал анамыз әкемізді 8 жыл күтіп, қайта отбасын құрған. Әкемнің 1939 жылғы «Қызыл-Армия» книжкасында, 1939 жылы Пахтарал ауданы 5-бөлімшеде сержант, 1-ротада командир болған. 1945 жылы «Маньчжурия соғысына қатысып, ерлік көрсеткені үшін» медалі, 1945 жылы қыркүйекте екі рет «Батыр» атағын алған армия басқарушысы генерал-полковник Н.Крылов, генерал-лейтенант И.Пономарёв, армияның саяси бөлімінің бастығы полковник А.Хватовтың медальдарын алған. «Германия соғысына қатысқан ерлігі үшін», 1946 жылы «Жапония соғысына қатысып, ерлік көрсеткені үшін» медалі, 1948 жылы «Соғыс ардагері» медалі, 1967 жылы «Ұлы Отан соғысының 20 жылдық» медалі, 1967 жылы сержант К.Бәйімбетовке «Қызыл Армия жеңісі үшін» медальдары мен марапаттары бар. Анамыз Пахтаралда (ХТЗ, ШТЗ) трактор айдап, жер жыртқан және бригадир әрі кассир болып үш бірдей жұмыс атқарған. Әкемнің жеңгесі Алтын әже соғыс жылдары тігін тігумен айналысып, жеңіске өз үлесін қосқан кісі. Ол кезде Алтын әженің баласы Өмірәлі 9 жаста болатын. Әкем мен анам бәрі бір отбасында тұрған. Ағамыз Өмірәлі Рысбеков жастайынан еңбекке араласып, астық тарату мекемесінде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарады. Әкемнің ағасы Сәду соғыстан оралмай, хат-хабарсыз кетті. Әкем соғыстан оралған соң Шиеліге көшіп келіп еңбек етті, ал анамыз 1947 жылы Шиелінің үлкен каналын қолмен қазуға қатысқан. Анамның ағасы Ақтай Қадыров 7 жыл бойы соғыста болып, 1946 жылы елге оралды. Ал інісі Шәукетбек Қадыров Бәйгеқұмда, Жаңакорған ауданында, Қызылорда қаласында (СПТУ, ГПТУ№128) директор қызметін атқарған. Ол 1973 жылы 37 жасында қайтыс болған. Әкем 1948 жылы Тартоғай өңіріне көшіп келіп, қойма меңгерушісі және бригадир болып қызмет атқарды. Біз осы өңірде өмірге келдік. (Мен және 2 інім)
Сол кездегі әкемнің үзеңгілес достары Сәпи Тасыбаев №1-фермада есепші болды, кейін Қызылордада КРУ-да жұмыс істеді. Ыбырайхан Нәлібаев (СПГУ-да директор, Қызылордада ревизор, налог бастығы), Мұхамбет Сейтенбаев, Алдан Күнтуғанов, Айша Сейтжановалармен қызметтес болған. Сөйтіп 1985 жылы (су тасқыны болған жыл) Тартоғайдан Сырдария совхозының Жуантөбе бөлімшесіне келдік. Сол кезде совхоз директоры Жанайдар деген кісі, ал райком секретары Құсайын Ысқақов болатын, содан кейін Қ.Қазантаев басқарған. 1962 жылы Сырдария совхозының Қызылқайың бөлімшесіне көшіп келіп, әкем өмірінің соңына дейін мал шаруашылығымен айналысты. Сол кезде ферма бастығы болып ағамыз Нақыпбек Жайсаңбаев, Әпшен Жұмағұлов басқаратын. Әкеміз сол соғыстың салдарынан 1969 жылы, ал анамыз 1973 жылы өмірден өтті.
Әкеміз балаларының барлығын кішкентай күнінен бастап еңбекке баулып, адал болуға, ешкімнің ала жібін аттамауға және кітап оқуға, өнер үйренуге, тәрбиелі және білімді болуға баулыды. Жақсы қасиеттерді үйретуден жалыққан емес. Бейбіт кездердегі бүгінгі өмірде қоғамның белсенді мүшесі болған әкем мен үшін де, барлық ұл-қыздары, немерелері үшін де үлгі. Соғыста жүріп, бірнеше марапатқа ие болған әкемнің ерлігі үшін алған орден-медальдары үйде сақтаулы. Сол кездегі соғыстан аман келген әрбір азамат сияқты менің әкем де ауыл шаруашылығын көтеруге белсене араласқан. Әкем Соғыс ардагері ғана емес, Еңбек ардагері де.
Соғыс біткен соң еңбекке білек сыбана кіріскен әкем әрқашан біздің жүрегімізде ерлік пен еңбектің табандылық пен әділдіктің үлгісі болып қалады. Батыр да батыл ардагерлердің өжеттілігі мен қайсар мінезі, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқаны мәңгі жадымызда сақталады. Өзі өмірден өтсе де, артында елі үшін майдан даласында көрсеткен ерлігі, тәрбиелі ұрпағы мен өзін-өзі құрметтеп, мақтан тұтатын халқы қалды.
Рая Бәйімбетова