Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атом саласының еңбеккерлері

Атом саласының еңбеккерлері

Уақыт көші алға қарай жылжыған сайын тарих жылнамаларына ел перзенттері өз қолтаңбаларын қалдырып, туған өлкенің қадір-қасиетін терең ұғынып қал-қадірінше еңбек етеді. Бабаларымыз қой бағып, асау құрықтап, түйе қомдап, қарт Қаратаудың етегін жайлап, сайын далада еркін өссе, одан тараған кейінгі ұрпақтар заман үдерісіне мойынұсынып, жаңа дәуірдің жаңа легіне ілесіп кетіп барамыз. Ата-бабамыз рас, кезінде мыс балқытып, темір иіп, алтын мен күмістен зергерлік бұйымдар жасады. Ал бүгінгі күні мыс темірмен қатар уран өнімін өндіру де маңызға ие болып тұр. Осы салада қаншама шиелілік азаматтар аянбай ащы терін төгіп, санауға тұрарлықтай жылдарын арнап келеді.
28 қыркүйек қазақстандықтар Атом саласындағы қызметкерлер күнін атап өтеді. Қазақстан мерекелерінің күнтізбесінде атом саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесінің пайда болуы елдің экономикалық дамуында атом саласы үлкен маңызға ие екендігінің белгісі.
Шиелі ауданында атом саласы бойынша №6 Кен басқармасы табысты еңбек етіп келеді. Дәуіржан Ысқақов басшылық жасайтын басқармада білікті әрі тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Атап айтар болсақ Мұрат Үрүмов пен Василий Майоровтың еңбек тәжірибесі 37 жылды құрайды. Бәйгеқұм ауылының тумасы М.Үрүмов 1957 жылы дүние дидарына келген. Жастайынан еңбекке бейім кейіпкеріміз 1975-1977 жылдар аралығында КСРО Қарулы күштері құрамында әскери борышын өтейді. Отан алдындағы парызын абыроймен атқарған ол 1978-1983 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтында «Машина жасау өндірісінің экономикасы мен ұйымдастыруы» мамандығы бойынша білім алады. Қолға құжатын алған соң алғашқы еңбек жолын №4 Шиелі автобазасында слесарь болып бастайды. Араға аз ғана уақыт салып, 1983 жылы №6-Кен басқармасына жұмысқа орналасады. Кез-келген іске епті, жұмысқа тиянақты, жауапкершілігі мол маман экономист, аға экономист, бас экономист сынды сатылардан өтіп, экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. Ұжымда сыйлы, тәжірибелі тәлімгер, беделді басшы ретінде жас мамандарды да еңбекке баулып, білген білігін үйретуден танбайды. Бұл маңдай тер еңбегі де ескерусіз қалмады. Түрлі алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, ҚР Энергетика министрлігінің «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ал В.Майоров 1957жылы Мордва Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының Старошайговский ауданы, Говорово селосында дүниеге келген. Ұлты – орыс. Ол да 1975-1977 жылдар аралығында Кеңес армиясында әскери борышын өтейді. Алғаш еңбек жолын 1978 жылы Шиелі депосында машинист көмекшісі болып бастаған ол 1983 жылы М.Кәрімұлымен бірге №6-Кен басқармасында жұмыс істейді. «Қарамұрын» кенішінде сирек жерлерде кездесетін элементтерді бөлетін аппаратшысы, геотехнологиялық ұңғымалар операторы сынды жұмыстарды жүйесіне келтіріп келеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, тынымсыз еңбекпен үлкен жауапкершілікті жүктейтін қызметін ерекше ықыласпен орындайды. Сол еңбексүйгіштігі үшін бірнеше рет алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, І дәрежелі «Қазақстан Респуб­ликасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрмет төсбелгісімен марапатталған.
Бүгінгі таңда атом өнеркәсібі республикамыздағы жоғары технологиялы, ғылыми тұрғыдан зерттеліп жатқан және тиімді өнеркәсіптердің бірі. Атом саласындағы қарқынды жұмыстар тәуелсіз Қазақстанның едәуір жетістікке жеткенінің, болашақта атом саласының ел дамуында негізгі рөл атқаратындығының айқын көрінісі.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ

29 қыркүйек 2020 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930