Белсенді зейнеткер
Әрбір шаңырақтағы ең мейірімді жан, немерелерінің ақылшысы, бүтін бір әулеттің тірегі. Иә, көз алдыңызға ақ жаулығын тағынған, аялы алақаны мен айтқан әрбір ақылы құнды асыл әже елестеген болар. Расында, әжелердің тамылжытар ұйқыға кетер сәтте айтар ертегісі мен жан сарайыңды рахатқа бөлер әнін тыңдап өскен әрбір бала бақытты. Отбасындағы тәтті немере мен шөбереге әлдиін айтып, әрбір қылығын қызыға тамашалап, ақылымен дұрыс жөн сілтейтін әжелер көп-ақ. Десек те зейнетке шықса да, отбасынан бөлек қоғамдағы тіршілікке етене араласып, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттайтын түрлі іс-шараларда белсенділік танытып жүрген әжелер де бар арамызда. Солардың бірі – Алғабас ауылының тұрғыны Бегайша Қошқарова.
Өскелең ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесі, көрсеткен өнегесі қариялардың қоғамдағы беделін арттырады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де қолы қалт етсе, Алғабас ауылдық Мәдениет үйі ұйымдастырған шараларға қатысуды құп көреді екен.
– Менің бойымдағы әншілік өнер де, әзілге біртабан жақындығым да ата-анама тартқан. Әкем марқұм жыр-дастандарды таңнан-таңға жатқа айтқан кісі болған. Анамның дауысы кез келген адамды әп сәтте елітіп әкеткен. Өзім 11 ағайындымын. Бір қуанарым, менен басқалары да әнге, әзілге жақын. Содан болар, той-думанға барсақ, ән шырқамай қайтпаймыз. Ауылда болатын іс-шараларға шақырса, қуана қатысамын. Оның ішінде енелер сайысы, көшелер жарысы, т.б. сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым, – дейді ақ жаулықты әже.
Айта кетейік, Б.Өксікбайқызы – Бестам ауылының перзенті. Осы жылы әуезді әнімен, ырғақты биімен, қағытпа қалжыңымен туған жеріне төркіндеп барған әжелер қатарында ол да бар. Нақтырақ айтсақ, Алғабас ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырған "Төркіндеп келдім, төріңе шығар" атты концертке қатысқан. Байқағандарыңыздай, кез келген тұста тосылмай, белсенділік таныту – Бегайша әжеміздің бойындағы айрықша қасиет.
Жасы алпысты алқымдаған әжеміз 41 жасында Құдай қосқан қосағынан айырылып, жесір қалған. Десекте тағдырдың жазуына мойынсұнып, еш мойымай, балаларын жетілдірді, бәрін жоғары оқу орындарында оқытты. Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл әженің 11 немересі бар.
– Бала үлкендердің іс-әрекетін бұлжытпай орындайды емес пе? Тіпті әрбір қимылын қалт жібермей, айнытпай қайталап, көзбен көргенін бойына сіңіріп алады. Сондықтан бірінші кезекте бәрі бізге байланысты. Айтар сөзіміз түзу, дұрыс бағыт-бағдар беретіндей дәрежеде болуымыз қажет. Өзім тұңғыш немерем дүниеге келген сәттен бастап, бұл жауапкершілікті сезіндім, – дейді Б.Қошқарова.
Иә, әжелер тәрбиесі – ешқашан өшпейтін ұлы құндылық. Қазақ халқы басынан қандай қиын кезең өтсе де, ұрпағына тәлім-тәрбие беруден еш танбаған. Бүгінгі әңгімемізге арқау болған әжеміздің отбасынан бөлек, қоғамға да жаны ашып, рухани шаралардан қалыс қалмай жүргені қуантады, сүйсіндіреді.
Фариза КЕНЖЕШОВА