Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаман ауру жан алқымнан алмасын десеңіз...

Жаман ауру жан алқымнан алмасын десеңіз...


Жарты әлемге шеңгелін салған коронавирус індетімен ақ халаттылар күресіп бағуда. Облыста 13
67 адамнан індет анықталған. Мұнан бөлек ауру белгілері байқалмайтын 1096 тасымалдаушы тіркелді. 2адам қайтыс болса, 814-і вирустан сауығып шыққан. Осыған орай5 шілдеден бастап қатердің бетін қайтаруға септігі тиетін 14 күндік карантин жарияланбақ.
Иә, бұл індет елімізге оңайға соғып жатқан жоқ. Осындай цифрларды көргенде індеттің күннен-күнге өршіп жатқанын байқаймыз. Оның шын мәнінде қауіпті екеніне бұқараның көзі жете бастағандай. Біздің елімізді ғана емес, дүйім дүниені дүрбелеңге түсірген бұл дүлейге тойтарыс беру үшін әлем болып жол іздеп жатыр бүгінде.
Әп-сәтте дене қызуы көтеріліп, дәм сезбей, тыныс алуы қиындай түскен қаншама тұрғын аудандағы ауруханаға қарай ағылуда. Алайда денсаулық сақтау мекемелерінің науқас қабылдау сыйымдылығы көрсетілген шектен асып кетті. Әу баста дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы байқалды. Тұрғындар наразылығы күшейе түсті. Осы тұста бір ғана айтарымыз, бұл ауыр кезең әлі-ақ өтеді. Тек сәл сабырлылық сақтап, денсаулығымызға, жанымыздағы жақындарға қамқорлық танытайық. Үйде болсын, түзде болсын өзімізді таза ұстайық, қажетсіз дәрі-дәрмекпен әуестеніп, уайымға салынбайық. Біз әлемдегі ең сабырлы, төзімді халықпыз.Талай тарихи өткелдер мен асуларда, сын сағаттарда сынып кетпей, елдік пен бірліктің үлгі өнегесін көрсеткен қазақпыз. Қазір де сол ішкі сабырлығымыз бен төзімділігімізді жоғалтып алмайық. Әлімсақтан біздің ата-бабаларымыз жақсылықтан үміт үзбей, қиын-қыстаукезеңде зар қағып жүріп, жеңіске жеткен жоқ па?!
Тәж вирусынан шошынған жұрт аурудың алдын алу үшін түрлі препаттарды қолданып, оны жазып бағуда. Көрінген яки естіген дүниелерді жасай бермей, сәл де болса сала мамандарының пікірне құлақ асса дейміз. Мәселен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкіліЖазираЕмбердиева кеселдің бетін қайтаруға бірнеше кеңестер ұсынған. Соның алғашқы екеуі төмендегдей:
– Егер сізде коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалса, бірден қорқынышқа бой алдырмаңыз. Үйде қалып, басшыңызға хабарлаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз, тұрғылықты мекенжайыңыздағы емхана немесе 1406 нөміріне Call-орталыққа хабарласыңыз. Сонымен қатар учаскелік дәрігерге өзіңіздегі коронавирус инфекциясының симптомдары туралы айтыңыз.
– Аурудың ең жиі байқалатын белгілері: жалпы әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, иісті, дәмді сезбеу, дене қызуының 38-39 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуі, дененің қалтырауы, бастың қатты ауыруы, бұлшық еттің ауыруы. Кейде ауру ас қорытудың бұзылуымен – құсып, іштің өтуімен де жалғасады. Кейде 4-8 күндерде кеуде қуысы ауырып, демікпеге ұласады. Тыныс алу қиындайды. Мұндай кезде учаскелік дәрігерді шақырып, жедел жәрдем қызметіне хабарласқан жөн.
Рас, біз әрқашанда ел амандығын ойлап, бәле келсе «кетер» деп төзімділік танытқан елміз. Бұл вирустан айыққандар бар. Айта кекен жөн, 2 шілде күні Елбасы Н.Назарбаев коронавирустан жазылып шықты. Сол үшін бос үрейге салынғанша, сәл сабыр сақтап, ауырып қалған жандардың амандығын тілейік!
С.МАДИЯРОВА
04 шілде 2020 ж. 586 0