Біреу – болыс, біреу – би
Қазақ даласындағы мәселелерді өз заматында тура айтып, шешімін таппаққа бел байлаған дана Абайдың даналықтары әлі де ел игілігіне жарап жатыр. «Халық үніне құлақ асатын» мемлекетті де хәкім Абай айтып кеткен емес пе? Олай болса бағыт-бағдарды қазақтың Абайы айқындап берген соң кем-кетігін түзеуге тырыспасақ жарамас.
Хәкімнің 8-ші ғақлиясы «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді» – деп басталады. Расында, ақылды кім үйреніп, насихатты кім тыңдамақ? Жә, ақылды қоя тұралық осы күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған сын, пікір, ұсыныстар қаншама. Керегін іліп алып, қажетіме жарар деген би, болыс не болмаса бір шендінің «бұл мәселе шешімін тапты», «жоспарға бекітілді» деген сынды жауаптарын алудың өзі қиын іске айналып барады емес пе? Алайда, «Күлтөбенің басында күнде жиын» қайдан қолы тиеді? Олар аш ішекше бірер сағатқа созылатын жиындардан тыйылса, кәне? Бір отырыс сексен минутқа созылғанда, сондағы алғашқы сегіз минутында не айтылғанын ұмытып қалатын жағдайлар басымыздан жиі өтіп тұратыны өтірік емес-ті. Бұл бір жиналысқа қатысқан біздегі ой. Ал күніне түрлі әкімнен бастап, орынбасарлары, одан қалды басқарма, бөлім басшыларының есігін тоздыратын әбден қажыған шенеуніктердің не жаны? Кейде жаныңыз ашиды. «Сонда осы пақырлар қашан жұмыс істейді?» деп те ойлаймыз. Айтпағымыз бұл емес, әрине. Шешім қабылдау, үкім шығару секілді жауапты жұмысты жан-жақты ойланып, ақ пен қараның ара-жігін ажыратуда да Абайдың тәжірибесі жетік. Ол сол өмірлік тәжірибені хатқа жазып ұрпаққа аманаттап кетті. Ел басқарған басшыға жол, үкім айтар сотқа ереже жазып қалдырғаны тағы бар.

Кешегі өткен «Келелі кеңес жоғалып, ел сыбырды қолға алып», төбе бидің орнын көде билер басқан заманда Абай болыс, би бола жүріп, отарлық әкімшілік-құқықтық реформаларды қазақтың ділі мен дәстүріне ыңғайлай білді. Тарихшылардың дерегіне сүйенсек 1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің генерал-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын бес уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткен екен. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия үш күн, үш түнде патша өкіметінің халықты қанауға, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына ұқсамайтын, барлығы 93 баптан тұратын «Қарамола» ережесін жасап шықты. Бұл ереже қазақ ішіндегі мәселелерді реттеуде үлкен рөл атқарды. Жалпы қазақта «Қарамола» ережесі секілді 40-50-ге жуық ереже қолданылған. Бірақ ішіндегі ең көлемдісі, ең мазмұндысы «Қарамола ережесі болған дейді мамандар.
Ел ішінде жүріп, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қанық болған Абай болыс, төбе би болғанда жиын аралап кеткен жоқ. Кедейдің күйін, күйсіздің үйін жамады. Қарамола ережесі де осы негізде құрылды. Әділдікті, теңдікті, адалдықты, шындықты қалаған Абайдың айтар ойы бір. Мейлі бірі – болыс, бірі – би, бірі – кедей, бірі – бай, бірі – ақ, бірі – қара болса да ақиқатқа жүгініп, тура жолды таңдағаны кім-кімге болса да үлгі емес пе?
Гүлнәр ӘБДІХАНИ