Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақыл-кеңес, өнеге туралы қанатты сөздер

Ақыл-кеңес, өнеге туралы қанатты сөздер

ÐÒÑл-кеңеÑ, өнеге ÑÑÑÐ°Ð»Ñ ÒанаÑÑÑ ÑөздеÑАйналамыздағылардың басына іс түссе, ақыл айтуға шеберміз. Кезек өзімізге келгенде, не істерімізді білмей дағдарып қаламыз. Сол себепті ақылға үйрету мен ақылды болудың мүлдем бөлек нәрселер екенін ескеруіміз керек.  Ең қиыны - өзіңді-өзің танып білу, ал оңайы - басқаларға ақыл-кеңес беру.  Фалес Біз ақыл-кеңесті шелектеп беріп, тамшылап қабылдаймыз. У. Олджер Ақыл-кеңес сұрау - бір адамның екінші адамға көрсете алар ең зор сенімі. Ф. Бэкон Басқа адамдардың көзінше біреуге берген ақыл-кеңес жазғыру болып қабылданады.  Кабус Бәрінен жағымды нәрсені емес, бәрінен артық нәрсені кеңес ет.  Солон Жауыңнан да үйренуге болады. М. Монтень Ақылды адам жауынан көп нәрсе үйрене алады.  Аристофан Жақсы ақыл-кеңес алу - өз мүмкіндіктеріңді арттыру деген сөз.  И. Гете Тауып айтқан сөзіңнің ақымақтықтың құлағында өлгенін көруден өткен өткінші ештеңе жоқ.  Ш. Монтескье Ақыл-кеңеске құлақ аспайтын адамдарға көмектесуге болмайды.  Б. Франклин Ақымақтардың ұстазы - сөз емес, бақытсыздық. 

Massaget.kz
09 тамыз 2019 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031